Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сіз қандай кеңес бересіз?

Сіз қандай кеңес бересіз?

Сіз қандай кеңес бересіз?

Биылдыққа оқыған екі кітабым, мен үнемі оқитын блоггерлерде тіл үйренудің артықшылығын айтыпта, жазыпта келеді.

Елбасыда биылғы жолдауында ағылшын тілін үйренудің қажет екенін шегелеп бекітіп берді. Соңғы күндері (опшым айлары, жылдары) Ағылшын тілін үйренуге құштарлығым артып-ақ жүр. Бірақ күнделікті күйбең тірліктен шаршап келгенде сол құштарлық әп-сәтте талқан болады.

Тіл үйренушілердің кеңестерін, сайттармен бағдарламалардың бәрін қарағаныммен соңында бір нәрсе кедергі келтіріп, желкемнен тартып жібермей тұрғандай көрінеді. Осы жайлы таныстарымнан кеңес сұрасам?! -олардың бәрі ақылдасып алғандай, Соның не керегі бар, ағылшын тілін үйреніп қайда барасың? -деп, іштей аяқтан тартқысы кеп тұратыны байқалады. (Бәлкім менің ойым солай шығар). Жә, ол уақытша кедергі екені анық. Бірақ ертеңге қалдыра бермей тіл үйренуді тездетіп қолға алу керек. Әйтпесе Абай секілді "Қолымды мезгілінде кеш сермедім" -деп іштей өз ісіме өкініп жүрмесем болды. Бүгін, дәл осы сәттен бастап ағылшын тілін үйренуге бар күшімді саламын. Тіл үйрену артықшылық қана емес, тіл үйрену білім алу, білім қууға керек басты кілт! 

Ал, сіздер тіл үйренген болсаңыздар пікірге кеңестеріңізді қалдырыңыздар! 

Әсіресе жұмыстан кейін шаршап келіп тіл үйреніп жүргендер болса. 

1041 5
Рейтинг: +2

Автор: Nurbol Karataev
Жазылған уақыты: 19 сәуір, 21:24
Тегтер: ағылшын, қазақ, тіл үйрену, білім, кеңес,
Пікірлер
+0
20 сәуір, 23:07

Өзіңізбен бірге тағы бір адам болса үйреніп кетерсіз

+0
20 сәуір, 23:08

Ағылшын тілін өзіңіз секілді үйренгісі келетін достар табыңыз

+0
21 сәуір, 22:07

Тілді нақты қандай мақсат үшін үйренбекшісіз, соны анықтап алыңыз. Мақсатыңыз анық болса, тіл білу соған жетудің құралы ғана болып қалады.

+0
21 сәуір, 23:25

Биыл ЭКСПО-ға волонтер ретінде іріктеліп, аз мерзім уақытында ағылшын үйренуді қолға алдық. Жеке өзім "busuu" сайтынан онлайн сабақ аламын, әр апта бас қосып сабақ өтіп, мамандармен тәжірибе алмасамыз және сөздік... Күніне 5-10 cөзден жаттап отырсаңыз да жақсы септігін тигізеді. Расымен, жоғарыда айтып кеткендей, жаныңызға тіл үйренгісі келетін дос тауып, компания құрыңыздар. Бұл-бір жағынан қызықты, екінші жағынан тез үйренесіз.
Күнделікті айтылып жүрген сәлемдесу, қоштасу немесе жәй сөз тіркестерін ағылшыншаға ауыстырыңыз. Плейлистіңізге ағылшынша музыка қосыңыз, кітаптар оқыңыз (роман емес, қарапайым ертегіден бастап көріңіз).
Мақсат және табандылық! Нәтиже болады, ниеттенсеңіз.) Сәттілік-good luck!

+0
21 сәуір, 23:29

Б. Болатқызы деген массагет қолданушысының да жазбаларын бір қарап шықсаңыз, артық болмас деп ойлаймын...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев