Анамның сынған жүзін ұмыттым...
жеке
блог

Анамның сынған жүзін ұмыттым...

Сенбі, жексенбі күндері балабақша жұмыс жасамайді. Бір бөлмелі пәтерде өзім, жалғыз қаламын. Анам мемлекеттік жерде қызмет атқарады. Анамнан басқа танысым да, туысымда жоқ. Көршілеріміз мені "жетім" деп анамды "жесір" деп мазақ етеді. Бірақ, анам олар бізді жақсы көреді, сондықтан қалжыңдайды деп мені алдаусыратып, өзінің көз жасын сүртіп отырады. Тіпті, көршілеріміздің балаларыда менімен ойнағысы келмеді. Сол себепті анам жұмыстан келгенше терезе алдына отырып, сырттағы адамдарға қараймын. Түскі уақыт болып қалды. Үй жанындағы аялдамаға 60-автобус келіп, анам түсті. Менің өзін күтіп отырғанымды көрдіде жүрісін тездетіп, маған қарап күліп келеді. Бүгін қолында қызыл сөмкесі жоқ, аяқ киіміде балшық. Менің айтқандарымды сатып алмағынын біліп отырмын, есіктен кіре сала сылтау айтатынын да білем. Өткен жолғыдағыдай ақшам жетпеді дейма екен, әлде басқа нәрсе айтарды ма екен?! Есіктің ашылғанын күтіп отырмын, ашпады сыртынан қақты. Есікті ашпай, өзіңіздің кілтіңіз қайда, ашпаймын, ашып кіріңіз деп бұлдандым. Дауысы дірілдеп қызым, аша қойшы есікті деп жайлап қана сөйледі. Не болғанын білгім келіп тұр. Ауызымды шұртейтіп есікті аштым. Аша сала анам мені құшақтап қатты жылады, саған бірдеңе болып қалама деп жанымды қоярға жер таппадым, аман екенсің ғой деп жылай берді, жылай берді. Не болағанын сұрап білдім.

-Сенің ойыншығыңды аламын деп жұмыстан ере сұранып шығып, дүкен жанына жақындай бергенім сол еді, бұрыштан екі ер адам шығып,қуысқа қарай сұйреді. Бар дауысыммен айқайлап, қашпақшы болғанымда, басымнан жұдырықпен қойып қалды. Басымды ұстап отыра кеттім, жерде жатқан сөмкемді алып арттарына қарамай қаша женелді. Сосын...
-Тағы да сылтау, тағы да өтірік. Алмадым деңіз. Неге? Неге алмадығыз? Мені жақсы көрсеңіз сатып алушы едіңіз ғой. Сіз жоқта ойнағым келеді, бірақ менімен ешкім ойнамайды.
-Ертең алып келемін ботам, тартпадығы дәрімді алып берші. Өзімді жайсыз сезініп отырмын.
-Жоқ, алдымен ойынышты алып кел, сосын дәрі ішесің. Саған дүкендегі апа жазып береді, қарызға сұрап ал...

Анам есіктен шығып, сатыға жақындай бере құлап қалды. Сатының үстімен домалап барып, жерге сұлқ етті. Орнынан тұрмады,жұлқыласамда тұрмады. Ойыншық керек емес, үйге жүр, дәріңді ішші...

Анам сол құлаған жерінен өз аяғымен тұрмады. Үйгеде кірмеді, жұмысқада бармады, менің ойыншығымды да алып бермеді, қызым депте айтпады.
Мені содан бері 12 жыл уақыт өтті. Сол күні анамның айтақан сөздерін есімде сақтасамда, ақша жүзі есімде жоқ. Жетімдер үйіндегі өзге ұл- қыздарға қарағанда балалық шағымның 5 жылы өзіңмен өтті. Мама, маматайым менің "сенің ақ сүтіңді еміп, аялы алақаныңды сезініп, "қызым, айналайын, ботам"деген ыстық сөздеріңді естеп, иісіңді иіскеп, сенің көзіңе тіке қарап, қасыңда жатып ертегілеріңді тыңдап ұйықтап, " тұра ғой, жаным" деген сөзіңмен ұйқымнан оянсам да, шашыңды, иісіңді, беп-əлпетіңді есіме түсіре алмай қиналамын. Көкірегім қарс айырылып, өкініштен өртеніп кетірдей боламын". Неге? Не мені тастап кеттің? 2 айдан соң кəмелеттік жасқа толып, мына жетімдер үйінен кетем. Қайда барам? Қуанышымды кімге айтам? Кімнен ақыл сұраймын? Ең құрығанда түсіме кірші, түсімде кездесіп, тілдесейікші...