"Қайыршылық" та кәсіпке айналып барады...

"Қайыршылық" та кәсіпке айналып барады...
жеке
блог

Мен көп адамдарды түсінбеймін. Баласының ауырып жатқанын не болмаса үйінің жоқтығын айтып елдерден қол жайып ақша сұрайды. "Аяқ-қолы сау адамдар ғой, неге өздері жұмыс істемейді?"-деген сұрақ мені қызықтырады. 

Бір күні "Алматы" телеарнасындағы "Тұмарым" бағдарламасына осы күйді басынан кешіп жүрген адамдар келеді дегенді естіп бардық. Солай бағдарлама басталды, бір үлкен әже мен баласы бар әйел адам кейіпкер болып келді. "Айгөлек" балалар журналының бас редакторы Қымбат Әбілдина апайымыз да қонақта болды.

Кейіпкерлердің айтуы бойынша ешқандай жерде жұмыс істегілері келмейді,біреудің бастық болғанын қаламайды. Сонда оларға қандай жұмыс керек?

Бұл кісілердің сөздерін тыңдағаннан кейін Қымбат апайымыз ұсыныс тастады. Сіздерді бір ауылға жіберемін, ол жерде үлкен әже бар сол кісінің жанында болып көмектесесіздер, тегін тамақ пен жататын жерлеріңіз жайлы  және сіздерге айлық төлейміз деген еді. Ол кісілер тағы келіспеді. Тіпті, түсіне алмадық ол кісілерді. Жақсы жерде жұмыс жасап, ақша табудың орнына,көрінгенге қол жайып көшеде қайыр тілегендерін жақсы сезінетін болу керек.

Үйге қайтатын жолымда екі ер адам күнде ақша сұрап отырады. Бұрындары көмектесетінмін, бір күні кешке жақын дүкенге шыққан едік, жолда манағы екі ер адамның ащы суға сылқия тойып алып көшеде жүргенін көріп, біреудің арақ ішуіне себепкер болып жүргеніміз ба деп ойланып қалдым. 

Сондықтан, көшедегі ақша сұраған адамдарға көмектеспес бұрын ойланыңыз. Көмектесуге тұрарлық адамдарға ғана көмектесейік. Еш уақытта ешкімнен қол жайып ақша сұрамайық ағайын.