Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жігеріңізді жасытпаңыз!

Жігеріңізді жасытпаңыз!

Жігеріңізді жасытпаңыз!

 Күнделікті өмірімізде сан қилы оқиғалар мен қиындықтарды бастан кешіреміз.Бірін ақылдың астарына салып жеңіп жатсақ, біріне әлсіздігімізді көрсетіп іштей өзімізді жегідей жейміз.Өз-өзімізге деген қанағаттанбаушылықты сезініп, жасаған әрекетімізге қарнымыз ашады."Қолымнан ешнәрсе келмейді" деп, бір қиындықтан сәл ғана сүрінсек болды, сол жерге құлай саламыз.Өзгелер құласа да қайта тұруға әрекет етіп жатса, біз көмек қолын күтеміз.Көбімізге таныс жағдай болар...Бұның барлығы-ішкі жігеріміздің көрінісі.Кезінде психология сабағынан оқыған мынадай жолдар есімде қалып қойыпты:"Адам баласының даралығының ең жоғарғы деңгейі-рухани жігерлілік.Рухани жігері мықты адам қалай болса,солай өтіп жақан қоғам өзгересіне оңай ілініп кетпейді". "Ерік-жігерің мықты болсын, өзі бір жігерлі екен" деген үлкендер сөзін жиі естиміз, сонда жігерлі адам деген кім?

 Ол-ең алдымен,өзінің еркін өзгеге емес,өзіне бағындырған адам.Яғни,басқалар бір нәрсе істеді,мен де соны міндетті түрде істеуім керек деп,жұрт не істесе соны қайталамайтын адам.Себебі,оның ерік күші белгілі бір деңгейде оның қалауына шектеу қояды.

Ол-өзінің қандай жетістіктерге жете алатынын білетін адам.Алдағы жетістігін ол қайдан білсін дейсіз ғой?!Оны шыңға бір қадам қалғанда аяғы шалынып құлап, ең терең теңіздің түпсіз тұңғиығына батып, содан қайтсем де аман шығамын деген қайратты күшінен біледі.

 Ол-тіпті,бүкіл әлем оған қарсы шықса да ақты ақ деп ақтайтын,қараны қара деп қаралайтын, "дауылды қасқая күткен тамыры терең емен" тәрізді оңай сына салмайтын адам.

 Әр пенденің кеудесінде соғып тұрған жүрегі бар, әр нәрсені саралай алатын ақылы да бар.Сонымен қатар дұрыс әрекет етуге басшы бола алатын жігері де бар.Жүрек тоқтаса, барлық дене мүшелері де жансызданып,адамның тіршілігін тоқтатары сөзсіз.Сол сияқты әр пенденің көкірегінде "ұйқыдағы ару" секілді жатқан жігері бар.Жігер өлсе,адамның рухы өліп,құр әншейін қуыс кеуде болып тіршілік етері де сөзсіз.Сондықтан көкірек көзіңіздің жанарын ашып,ондағы тығылып жатқан жігеріңізді оятыңыз!Басыңызды тік көтеріп жүріңіз,себебі өмірде ешкімнің-ешкімге өткізіп қойғаны жоқ,бірақ  басыңызды тік көтеремін деп "менмендік" атты тасқа соғып алып жүрмеңіз!Өз ойыңызды ашық айтыңыз,мейлі сізбен көпшілік келіспесе де!Рухыңызды ту етіп,алдыңызыға нақты мақсат қойып,соған қарай жүрмеңіз,жүгіріңіз!Бастысы,әр ісіңізде адал жолдан таймай,сол жолда сізге қолқанат болар ЖІГЕРІҢІЗДІ жасытпаңыз!

Жігерсізбін дей алман,жанарымда жалындаған от барда,

Жігерсізбін дей алман,көкірегім сайраған сөзге тоқ болса,

Жігерсізбін дей алам-шырағым сөніп,рухым өшіп,тіліме байлау салынса,

Жігерсізбін дей алман,кеудеде жүрек,бойда қайрат,санада ақыл барында!  

3
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 03 сәуір 2017, 10:01
Тегтер: рухани жігер,сенім,қайрат,ақыл,жүрек,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.