Жолдар, жолдар
жеке
блог

Жолдар, жолдар

Көктем Келсе Кемтігіміз Көрінеді

Бұл - сөздің шындығы. Неге дейсіз бе? Қыстың қалың қарынан ба, әлде аязды күні бет қаратпайтын суықтан ба, әйтеуір ештеңеге мән бермейміз. Айналаға аңғарып та қарамаймыз ғой. "Ол сен шығар қарамайтын" деп отырсыздар ма? Айып етпеңіздер, шындық енді. (Жоғары жаққа айтылған)

Жол жазда сайрап жатқандай көрінеді-ау. Иә,иә әңгіме осы "жол" жайлы болып отыр. Қыста қар жауып тастаған дейміз. Жарайды делік. Бірақ ол қар да ашылады ғой. Бірнеше сантиметрлік қар жолдың үстін басып тұрғасын жүре береді көлігіміз жүйткіп. Батып кетпесе болды дегендей. Дегенмен, қыс мәңгі емес. Көктем келеді көлігіңді күйбелеңге күйттеуге. Себебі, еріген қардың балшығы бетіне шығады. Жолдың тесігі мен шұрығы көбейеді. Қысқасы, шұңқырлардың шырмауынан шыр айналасыз құрметті көлік иелері. Бір трассаның үстінен көлік миллион рет айналма жол жасайды. Жыртығы көп болғасын не істейді басқа. Дөңгелегінің қамын ойлаған жүргізушілер айналмай қайтсін енді?!

"Мына қыз қай жолды айтып отыр?" деген сұрақ туып отырған шығар. Әрине, қаланың ішіндегі жылтыраған трасса емес. Сырттың жолы, ауылдан қалаға қатынайтын жол. Қазақстан деген үлкен мемлекетте сіз білмейтін қаншама ауыл бар. Ол ауылдың, ен даланың ұзын сонар, шекара жалғарлық жолы бары кімге аян емес? Ағаларымыз аяқтарын жерге тигізбей ұшып жүргенді қатты жақсы көреді негізі. Өйткені біздің билік иелері қаланың іші сайрап тұр деп сыртын көрмейді. Әлде әдейі көргісі келмей ме, кім білсін...

P.S: Негізі әңгіменің бәрі наурыздың демалысынан қалаға келе жатқанда көліктің алдында отырғанымнан болып тұр ғой. Дұрыс түсінерсіздер. Әзіл араласқан болса да, қоғмның ащы шындығы. Сіз не дейсіз, оқырман?