Профессор Доуэльдің басы

Профессор Доуэльдің басы
жеке
блог

Жақында Ресейдің танымал жазушысы Александр Беляевтің "Профессор Доуэльдің басы" деген романын оқыдым.

Жалпы автор қатты сырқаттанып жүре алмайтын қалыпқа түскен шағында,түрлі түстер көріп, фантастикалық жанрдағы туындыларды жаза бастайды. Солардың бірегейі осы роман болатын.

Ойға келмейтін таңғажайып,яғни қайтыс болған адамның басына ғана жан бітіру  арқылы, білімді профессордан көп кеңес алып, Керн деген кейіпкер зұлымдыққа барады.

Одан бөлек бірнеше адамдардың денесін ауыстырып, түрлі зұлымдыққа барған болатын. Күтуші Лоран оның бар қылмысын әшкерелеп, соңында өзіне қол жұмсайды.

Жалпы кітапты оқи отырып, қызығына кіріп кетесің. Себебі,фантастикалық жанр адамды ойға жетелейді. Сол кейіпкермен бірге қиналып,бірге толғанасың. Оқып көрсеңіздер еш өкінбейтіндіктеріңізге кепілдік беремін.