Наполеон Бонапарт

Наполеон Бонапарт
жеке
блог

Сіз білетіндей Наполеон Бонапарт - Франция императоры, француз армиясының қолбасшысы, Франция заң жүйесінің авторы, математик, ғалым. 1769 жылы 15 тамызда Францияның Корсика деген аралында италиялық жанұяда дүниеге келген. Әкесінің ата тегі Франциядан болғандықтан жас кезінен Францияда артилерист болып оқыған. Ұлы француз революциясы кезінде жақсы сарбаз, сенімді қолбасшы ретінде көзге түсіп маршал атағына ие болды. Революциялық Францияның Италиядағы және Мысырдағы кампанияларында үлкен жетістіктерге жетіп, еліне туған үлкен қауіп-қатерлер кезеңінде елдің ең үздік және ықпалды маршалына айналды. Термидор айындағы көтерілістен соң Наполеон мемлекеттің консулы болып, сонан соң император атағына қол жеткізеді. Осылай оның Франциядағы билігінің кезеңі басталады.

Франция үшін Наполеон не істеді?

Наполеон бұрынғы монархиялық, аристократиялық және феодалдық Францияға жаңа капиталисттік заманға сай әлеуметтік құрылым алып келе білді. Бұл құрылымда ең ақылды, талантты, шаруаыны ең жақсы жасай алатын адамдар ең жоғарғы жетістікке жете алатын болып, биліктің жоғарғы эшалондарында көріне бастады. Яғни Францияда меритократиялық қоғам қалыптасты.

napoleon1

Мемлекеттегі ескі католик шіркеуінің билікке араласуын тоқтатты. Осылайша шіркеуге берілетін қаржы азайып, кедей халықтың басыны түсетін ауртпашылық азайды.

napoleon2

Елге жаңа заңдар жинағын тарту етті. Кейіннен бұл жинақ  "Наполеонның кодексі" деп аталады. Бұл кодекс қазіргі заманның өзінде Францияның құқықтар жинағының іргетасы болып саналады. Наполеонның өзі бұл еңбегі туралы "Менің соғыстағы жетістіктерім ештеңе емес, Ватерлоо олардың барлығын еш қылды. Бірақ тарихтан ешкім өшіре алмайтын бірден-бір зат - бұл менің кодексім" - деп айтыпты.

napoleon3

Еуропаға метрикалық жүйенің таралуына себеп болды. Осы жетістіктің арқасында қазіргі ғаламдық экономика жаhанданған және біртұтас, сауданың жүріне оңай экономикаға айналды. Ол тек қана өлшеу жүйесін бір стандартқа алып келе қоймай, құқықтар жүйесін де бір орталықтандырды.

napoleon4

Революциядан кейінгі Францияның қиын экономикалық және әлеуметтік дағдарыстар кезінде елді біріктіріп, ішкі роялисттерді жойып, өз мемлекетін бірнеше жылдың ішінде қалпына келтіреді. Және де Еуропа монархтарын тізе бүктіретін жаңа армия құрып елін өрлеуге алып келді.

napoleon5

Әлеуметтік саясатына келетін болсақ, ана мен балаға қамқорлықты күшейтті, кедейлер арасында жұмыс орындарын көбейтті және ата-анасыз қалған балаларға баспана берді.

napoleon6

Мысырға жасаған экспедицияның арқасында Францияның ұлттық музейінің қорын көбейтті. Бонапарт Мысыр тарихының зерттеліп бастауына себеп болып, мысыртану ғылымының атасына айналды. Артиллерия саласында математика ғылымы кеңінен қолданылғандықтан, математика ғылымын терең меңгеріп, кейін осы ғылымда жетістіктерге жетті. Геометрияда "Наполеон теоремасы" деген термин бар.
napoleon7