14 ғасыр бұрын айтылған ақиқат

14 ғасыр бұрын айтылған ақиқат
жеке
блог

2001 жылғы 11-қыркүйекте АҚШ-та орын алған оқиғаны шын мәнінде кімдер жасағаны әлі күнге күмәнді. Ал сіз осы оқиғанының 14 ғасыр бұрын қасиетті Құранда айдан анық айтылып қойылғанын білесіз бе?
Қасиетті Құранның 11-парасы, 9-сүресінің («Тәубә» сүресі) 110-аятында «Олардың салған құрылыстары, жүректері быт-шыт болғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. Алла толық білуші, хикмет иесі». Мұны біз Халифа Алтай аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігінен алып отырмыз. Мұны ауызекі тілде түсіндірсек, былай: кәпірлердің салған ғимараттары қирайды, бірақ оны кім қиратқанына олар өлгенше күмәнданып өтеді» болып шығады. 
Бір қызығы, бұл «Тәубә» сүресі 2001 әріптен (арабша) тұрады. Яғни 2001 әріп 2001 жыл, 9-сүре 9-ай, яғни қыркүйек айы, ал 11-пара 11-қыркүйекті білдіреді. Ал 110-аят Нью-Йорктегі 110 қабатты құлап-қираған ғимаратты айқындап тұр... Міне, Құранның ғажайып ақиқатының миллионнан бір бөлшегі!