Бразилия полициясы Пеленің ұлын құрықтады

Ардақ Құлтай Корреспондент
Бразилия полициясы Пеленің ұлын құрықтады

Бразилиялық аңыз футболшы Пеленің ұлы Эдиньо Бразилия сақшыларының қолына түсті. Ол елден қашып кетпекші болған екен. Бұл туралы O Globo агенттігі хабарлады.

БӨЛІСУ

Сейсенбі күні Сантус қаласының полициясы Эдиньоны үйінен ұстап әкетіп, полиция бөлімшесіне қамаған. Ол өзінің паспортын тапсыруы керек болған, бірақ айыпталушы өз құжатын жоғалтып алдым деген сылтау айта бастағанда оны құрықтауға шешім қабылданған.

Эдиньо Пеле 2005 жылы сотталған. Ол есірткі сатумен айналысты деген айыппен жазаланған еді. Ал сот ісі барысында ол өзінің есірткі қолданатынын мойындаған, бірақ оны сатумен ешқашан айналыспағанын айтыпты.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 маусымында Эдиньо есірткі сатумен айналысқаны үшін 33 жылға сотталғанын bbc.co.uk жаңалықтар қызметі хабарлаған болатын. Бірақ соттың бұл шешіміне апелляция берген ол істі қайта қарау процесі арқылы бостандықта болып келген еді. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rambler.ru