АҚШ - Португалия кездесуі тең есеппен аяқталды

АҚШ - Португалия кездесуі тең есеппен аяқталды

Әлем Чемпионатында екінші тур ойынында -  G тобында АҚШ пен Португалия құрамалары арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды...

Кездесуде Португалия құрамасы бірінші болып есепті ашқан болатын. Бірақ, америкалықтар лайықты жауапты екінші таймда қайтара алды. Португалдықтардың жекелеген шеберлігіне америкалықтар ұжымдық ойынмен қарсы тұрып, ойын соңына дейін жемісін көрді.

Көп ұзамай америкалықтар алға шықты да, бірақ қосымша минуттарда португалдықтар есепті теңестіріп кетті. 

Португалия құрамасының тағдыры енді Германия-АҚШ құрамалараның кездесуіне тәуелді. Ал португалдықтар Ганамен ойнайтын болады.

Әлем Чемпионаты-2014, G тобы

Екінші тур ойындары

АҚШ - Португалия - 2:2

Голдар: 64' Джоунс Дж, 81' Демпси К, Нани 5, Варела 90+5

АҚШ: Ховард, Беслер, Бизли, Кэмерон, Джонсон, Брэдли, Бедойя, Джонс, Бекерман, Зуси, Дэмпси.

Португалия: Бету, Алвеш, Кошта, Перейра, Алмейда, Велозу, Моутинью, Мейрелеш, Нани, Роналду, Поштига.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига