Жансая Әбдімәлік тағы топ жарды

Жансая Әбдімәлік тағы топ жарды
жеке
блог

Әлемдік аренада Қазақстанның беделін көтеріп,қазақ жастарының намысын қорғап жүрген шахматшы қыз Жансая 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өткен турнирде үздік нәтиже көрсетті.

 Халықаралық гроссмейстер Кристина Радзиковскаяны еске алу турнирі Польшаның Вроцлав қаласында өткізілген болатын.Халықаралық іс-шараға Европаның алдыңғы қатарлы гроссмейтері бақ сынады.

Турнир нәтижесі бойынша,Жансая Әбдімәлік 4 рет қарсыластарымен тең түсіп,5 рет жеңген.Осылайша,өткізілген 9 турдың жалпы ұпай қорытындысы бойынша 7 ұпай жинаған қазақстандық шахматшы жасөспірім бірінші орын иегері атанды.

Айта кетейік,Жансая- 4 дүркін әлем чемпионы,халықаралық санаттағы ,әлемнің үздік жүздігіне кіретін гроссмейстер және өзінің шахмат мектебі бар қазақ арасынан шыққан тұңғыш жасөспірім қыз.