Эйнштейн жайлы көп білесіз бе? Қателесіз. Ғұлама-данышпан жайлы 10 сенгісіз факт

Эйнштейн жайлы көп білесіз бе? Қателесіз. Ғұлама-данышпан жайлы 10 сенгісіз факт
жеке
блог

Міне, көшелерде 2016 жыл. Біздің ғаламшарымыздың ең танымал, ең ақылды ғалымдарының бірі Альберт Эйнштейннің дүние есігін ашқанына 137 жыл толды. Данышпан физик - 300 ғылыми жұмыс пен 150 кітаптың авторы!

Ол жастайынан білімге құштар болып өседі. Одан дәл осындай ғұлама шығатынына күмәнді жандар да болды, бірақ ол "Нобель сыйлығын" да алды. Бұл - ғылым мансабындағы ең биік жетістік және ол оған жетті.

Сыйлықты қоспай айтсақ та, ғұлама басқа ешкім мақтана алмайтын талантымен, лидерлік қасиетімен, оптимизмімен және скрипкада тамаша ойнауымен басқаларынан бір саты жоғары тұрды. Бұл тізімге сыймай қалған қасиеттері бар неміс ғалымының.

 

Альберт Энштейн

 

1. Университетке түсуге арналған тестте Альберт нашар нәтиже көрсетті. Ол келесіде тағы да өз бағын сынағысы келіп, бір жыл күдерін үзбей күтті. Шабыттандырды, солай ма? Алайда мектепте ол таңғажайып оқыды. Оның математикадан, химиядан не физикадан үшке шыққаны туралы мифтер - жалған!

2. Данышпан неміс шұлықтарды жек көрді. Оны өмірде көргендердің айтуынша, Альберт стильді киінбейді, жуынуды ұнатпайды.

3. "Нобель сыйлығы" үшін берілген сыйақы оған емес, оның бірінші әйеліне тиді. Эйнштейіннің сыйақыны әйелімен ажырасудағы компенсация ретінде әйеліне төледі. Ажырасудың алғышарттарын бастаған да, оны жүзеге асырғанда да ерекше рөл атқарған - Альберттің өзі. Ол әйеліне қырғиқабақ көрсетіп, оның көзіне шөп салды. Альберттің қуанышына орай, алғашқы жұбайы ажырасуға бел байлады. Бұған кім шыдас берер еді?

 4. Альберттің екінші жұбайы - Эльза. Эльза - оның туыс әпкесі. Олар бірге бірнеше жыл некеде болды, бақытты ғұмыр кешті десе де болады, дегенмен оқиғаның финалы драмаға айналды: отбасы АҚШ-қа көшкеннен кейін Эльза бүйрек пен жүрек ауруына душар болып, қаза болады.

5. Америка Құрама Штаттарына Эйнштейн 1933 жылы көшіп барды. Онда ол өзі үшін жаға өмір бастады. Өзінің білгіштігі мен қоғамдағы орнының арқасында көп дос табу оған қиын соқпасы анық. Сол достарының қатарында өнер саңлағы Чарли Чаплин де болды.

6. Ғұламаның ұлдарының біреуі ақылының кемістігімен ауырды және өзінің өмірін психиатриалық орталық "шизофрения" диагнозымен аяқтады.

7. Альберт Эйнштейнді Израиль президенттілігіне шақырды. Альберт оған келіспейтінін айтып, мейірімде түрде жауап қайтарды.

8. Неміс білгішінің миы ұрланғаны туралы ақпаратты естіген шығарсыздар? Иә, ол ұрланды. Пайдалы іс үшін. Ғалымның денесің толық зерттеумен айналысатын патологоанатом физиктің миын ұрлап, оны 20 жыл бойына банкіде сақтап отыр.

9. Құдайға сенбейді. Атеист.

10. Эйнштейннің болжамдарына бұрындары сенбегенмен де, қазір ол болжамдар ғылымда дәлелденуде. Ғалым қайтыс болғаннан 61 жылдан кейін "гравитациялық толқын" теориясы дәлелденді. Тіпті "черная дыра" (қазақша баламасын алмадым) да жақын арада дәлелденіп қалуы мүмкін. "Телепортация" да мүмкін деп айтып кеткен неміс физигі. "Телепортация" болса, өмірде не қызық болар еді?