Шындығы "ұл" емес"қыз" болған соң......

Шындығы "ұл" емес"қыз" болған соң......
жеке
блог

Бұл күн несімен ерекше,күндегідей жұмысқа барамын 7 сағат отырып кайтармын-деп ойланып келе жатқанымда автобусым өтіп кете жаздады,жүгіріп барып не алдынан,не ортасынан мінетінімді білмей сасқалақтап жүріп алдынан міне салдым.Мінген бойда тап алдыма бойшаң келген өзі бір не орыс,не қазаққа ұқсамайтын әп-әдемі бір жігіт тұр екен.

-         Шығасыз ба?-деп сұрады

-         Жоқ –деп тіл қатқан соң мені артқа өткізіп жіберіп өзі есік жаққа жақындап тұрды.Мен жана асығып жүріп қолшатырымды жабуды умытып кетиппин,анау қолшатырымның қаттылығы соншалықты жабылайын деген ойы жоқ ау сірә,тіпті қолым ауырып кетті.

Бір кезде өзі аялдамадан шығайын деп тұрған адамға:

Көмектесе аласыз ба?-деп сұрадым, ол болса менің жаңадан бері сықырлатып тұрғанымнан жалықтыма әйтеуір қолымнан қолшатырымды алып,жауып, орап тап-тұйнақтай қылып қолыма ұстата бергенде автобус оның түсетін аялдамасынан зыр етіп өте шықты.Абыржуын білдірместен сыпайы түрде «алыңыз»-деп қолын созып ,көзіме тік қарағаны соншалықты ,тұрған жерімде сесірейіп қатып калыппын,сол сәтте «рахмет»- деп дауысымнын шыққанын білемін ,бірақ оған естілгеніне сенімді емеспін.

Автобустын аржығымен,бержағының барлығы дерлік бостау,отыратын орын көп,мен болсам ол жігіттің қасынан кетсем құлап түсетіндей сол жерге жабысып калыппын, «ішімнен жібергім келмей,сәл кішкене тұра тұршы»-деп жалынгандай болдым.Ал,ол болса келесі аялдамадан түсті де кете берді,тап сол сәттегі түрімді көрсеңіздер ғой телехикаямның жылайтын сәтіне келгендей,түрім мыжылып,тынысым тарылып,жылап жіберудің азақ алдында тұрдым.

Осындай кезде «ұл»болып туылмағаныма «әттең-ай»деп кеткендей болдым.Ал, шындығы «қыз»болған соң сол сәттің қайталануын күтесің.....

 

 

 

«Мен және өмір»күнделігімнен үзінді

11,қазан 2016 жыл,