Интернетсіз өмір

Интернетсіз өмір
жеке
блог

Бұл да бір құмар ойын сияқты. Бір шалдықсаң арылу қиын. Уақытымыз бос болса болғаны , осы интернет желісінде отырумен таңымызды атырып, күнімізді батырудамыз. Интернетсіз өмірдің қиын екендігін көпшілігі дөп басып айтып жатады. Шыны керек интернет бірі үшін аса маңызды құнды болар болса, енді бірі үшін керексіз дүние.

Менің өзім интернетсіз өмір сүре алмайтынымды нақты айта аламын. Өйткені мен сабағымды да, оқуымды да осы интернет арқылы бітіріп аламын. Керекті рефератымды да аламын. Мысалы қоғамдық көлікпен не болмаса тікұшақпен жүріп, керегіме қол жеткізу үшін ит өлген жерге бару, ол мен үшін өте бір үлкен іс. Ал сол істі мен әп-сәтте үйде отырып-ақ тындырарым сөзсіз. Айта берсек өміріңнің бәрі интернетке тақалып тіреледі. Киім-кешегіңді де интернет арқылы сатып алуға болады. Пайдасын айтар болсақ ауыз толтырарлықтай.

Интернеттің бір кемшілігін көргенде жүрегім қан жылайды, қарным ашады. Қан жылауымның себебі, орысша болуында. Осы интернетті қазақ тіліне аударар болса, қуанышым көкке бір елі жетері сөзсіз. ҚР қазақша сайттары көбейер болса, нұр үстіне нұр болар еді.