Бала тәрбиесі – ол үлкен бір ғылым
жеке
блог

Бала тәрбиесі – ол үлкен бір ғылым

Балаға жылы қабақ қандай мөлшерде болса, қатал көзқараста сондай мөлшерде болуы тиіс. Балаға ата-ана тарапынан  талап үнемі қойылу керек.Балаға жаның ашыса, оны аяма деген де сөз бар. Сол айтылған сөздің мағынасына тоқтап кеткім келіп отыр. Әр балада тәуліктің 2-3 сағаты ғана бос уақытқа бөлінуі тиіс, одан басқасында бала сабақта, үй тапсырмасын орындауда немесе ата-анамен бірге үй шаруасында болуы керек. Бос уақыты көп бала түрлі жаман әдеттерге үйірсіктенеді, ең қарапайымы теледидардан мүлдем қарауға тұрмайтын жат нәрселерді қарап, өзіне қажет емес ақпараттарды алары анық жағдай.

Қазіргі таңда көптеген ата-аналар балаларының қандай іспен айналысып жатқанынан бейхабар. Ата-ана ең әуелі баланың алдындағы өз міндетін біліп,сол міндетті жеткілікті дәрежеде орындауы тиіс. Өз міндетін білмейтін ата-аналар да баршылық. Мысалы, қоғамымызда орналып жатқан жайтты алар болсақ,  ата-аналар баласының мектебіне барудан қалған. Сол бір алғашқы қоңырауда барған  ата-ана кейін қашан барғанын  бір құдай біледі. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ата-аналардың 50 пайызы  баласының мектебіне мүлдем бармағанын алға тартты. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі төмендеп кеткенін айтты.

Ата-аналар үнемі баласын көзден таса қылмай, үй тапсырмаларын орындатқызуға, басқа да жеке мәселелерін шешуге қолқабыс етіп, әкелік ақылын, аналық мейірімін төгер болса, ұл-қыздары жамандықтан бойын аулақ ұстап, мүлде танымастай жандарға айналары сөзсіз. Лайым солай болғай.