Ғаламторға тәуелділік
жеке
блог

Ғаламторға тәуелділік

Жаңа ғасыр дерті ғаламторға деген тәуелділік.Қазіргі жас ұрпақ бос уақытының бәрін осы ғаламторда өткізуде.Ғаламтор өзінің жылдамдығымен,арзандығымен,ауқымдылығымен ерекшелінеді.Ғаламтордың қоғамға деген берері көп.Мысалы:электронды сауда-саттық,интернет телефон-хабарласу,әңгіме-дүкен,электронды жіберілім,қашықтықтан білім беру т.б.Ғаламтор арқылы шет елдермен тікелей байланыс орната аласың.Қарап тұрсақ ғаламтордың қоғамға берер пайдасы көп сияқты.Бірақ пайдасы мен қоса зияны да қатар жүретін ғаламтор жас ұрпақты өзіне тәуелді етуде.Тәуелділіктің кесірі неге апарып соғарын өздеріңіз де айқын білерсіздер.Бұл сауатсыздылыққа,тәуелділікке,құмар ойындарға, көз жанарымыздың айырылуына, ойлау қабілетінің төмен болуына т.б әкеліп соқтырады.Әр нәрсенің пайдалы әрі зиянды жағы бар.Иә,ғаламтор қажет бірақ өз орнымен пайдалану керек.Ғаламторға тәуелділіктің соңы жақсылыққа апармайды.