Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Неліктен әлем жұлдыздары орамалдарын түйіндеп байлады? (видео)

Неліктен әлем жұлдыздары орамалдарын түйіндеп байлады? (видео)

Неліктен әлем жұлдыздары орамалдарын түйіндеп байлады? (видео)

Сурет жұлдыздың Инстаграм парақшасынан алынды

Америка және Еуропа жұлдыздары өздерінің әлеуметтік желі парақшаларында #knotonmyplanet ("Менің планетамның түйіні" сөзбе-сөз қазақша баламасы) хэштегімен орамалдарын немесе киімдерін түйіндеп байлаған суреттерін салып, адамзатты қайырымдылық жасауға шақырды. Бұл шара әлемде пілдер санының жойылып бара жатқанын ұмытпай, оларды сақтап қалуды көздеді.

Сурет жұлдыздың Инстаграм парақшасынан алынды

Бүгінгі таңда жылына 30000, ал әр 15 минутта 1 піл аңшылықтың құрбаны болып отыр, олардың құнды азулары үшін адамдар ашкөздікпен өлтіріп, заңсыз сатуы барысында пілдердің саны қарқынды азаю үстінде. Енді оларды тек адамзаттың адамгершілік қасиеті ғана құтқара алады. Осы мақсатта Пілдер Дағдарысы Қоры құрылып, ол қазір жүріп жатырған Нью Йорк сән апталығы алдында әлемдік жұлдыздар арқылы ғаламтор жүйесінде жария етілді.

Сурет жұлдыздың Инстаграм парақшасынан алынды

Бұл күрделі мәселеге үлкен назар аударту жолында Даутцен Крёз, Миранда Керр, Адриана Лима, Наоми Кэмпбелл, Кара Делевинь, Джоан Смолс, Джиджи Хадид, Карли Клосс секілді сән бикештері және тағы да басқа әлемдік деңгейдегі жұлдыздар біріге қызмет етуде. Knot On My Planet деп аталатын қоғамдық жобаға қайырымды жандардың бөлген қаржысының жүз пайызы пілдерді сақтап қалу жолында жұмсалады.

Сурет жұлдыздың Инстаграм парақшасынан алынды

Пілдер — өте күрделі, әрі мейірімді жануарлар. Олардың арасындағы қарым-қатынас бір-бірі туралы терең әрі мәңгілік естеліктер арқылы сақталады.

Пілдер ештеңені ұмытпайды. Біздер де оларды ұмытпайық!


0
Рейтинг: +9

Жазылған уақыты: 12 қыркүйек 2016, 20:14
Тегтер: пілдер, қайырымдылық, табиғат, жануарларды қорғау, қоршаған орта

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.