Ойлар
жеке
блог

Ойлар

Жұмыс жасағаныма  көп уақыт болмаса да (2 жылдан асты), мен мына жағдайды байқадым: Қызметі төмен адамдар қызметі жоғарыласа (уақытша болса да) тез өзгеріп шыға келеді екен. Не деген құдірет десеңізші?! Осыған дейін жылы сөйлеп, сызылып тұрған адамдар бір сәтте өзгеріп шыға келеді. Қызметтің, креслоның буы деген осы шығар мүмкін. Біздегі көп қиындық (жоғарғы жаққа не танысыңа айтпасаң мәселенің оңайлықпен шешілмейтіні) осындай жағдайдан туындайтын сияқты. Менің ойымша, қызметтің жоғарылауы бұл - жауапкершіліктің артуы, ыждағаттылық пен мұқияттылықты арттыру болу керек сияқты.

"Атағың айға жетіп тұрса да, Алланың алдында дәрменсіз құл екенімізді" естен шығармаған жөн.