Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Елубек ағайдың жүрегіме жақын ойлары

Елубек ағайдың жүрегіме жақын ойлары

Елубек ағайдың жүрегіме жақын ойлары

Менде «Арым жанымның садағасы»-деп жерді сатпақ болған жоғарғы жақ шешіміне алаңдап жүргендердің бірімін. Найзаның ұшы,білектің күшімен ата-бабамыз мұра еткен жердің ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кетпеуін менде қалаймын .Әйтсе де, ФБ-да Бек Датұлы, Жер дауын кім қоздырып отыр? атты "Шын-ақпарат басылымында жарияланған мақаласындағы кей жәймен келіспесекте мына үзінді көзі қарақты оқырманға ой салуы керек-ау.

...... «Қазақ елінде төңкеріс болуын ашық қалайтын, сол жолда тер төгіп жүргендер еріксіз мойындаған бір шындық бар: қазақты көшеге шығару оңай емес! Бұған дейін төңкеріс технологтары іске асырып көрген тәсілдердің барлығы нәтиже берген жоқ. Дегенмен, жер дауы мен жесір дауы ежелден-ақ қазақты ереуілдетіп атқа қондыратынын олар өте жақсы біледі. Себебі, жесір де, жер де - ана. Қазақ үшін анадан қасиетті ешкім жоқ болатын. Бірақ бүгін жесір дауы көтерілмейтін болған: қыздар тәнін пұлдап, жаттың құшағына құлап, сәбилер сатылып жатыр.
Қалғаны тек жер мәселесі. Енді жер дауын үсті-үсітне қоздырып қазақты қалай да көшеге алып шығу керек. Алматыда болған бірнеше жер дауының соңы қалай аяқталғаны белгілі. Соны енді бүкіл ел бойынша қайталап көрмекші. Ойын басталды, ортаға от тасталды. Енді сол шоқты бәрі жан-жақтан жабыла үрлеп жатыр. Бірі біліп үрлейді, бірі күліп үрлейлі, бірі әлдекімді мұқатып қалмақшы, бірі авторитет жинап алмақшы.
...... «Төңкерістердің тарихынан аздап хабары бар жан білуі тиіс, тобырлық түйсікке берілген кезде адамдар бей-берекетсіздікке салынып, қатігезденіп, жұрттың бәрін жау көреді немесе жағдайға байланысты тым құлшынып төтенше ерлік жасап, ерекше сөз айта қойғысы келіп тұрады. Тобырлық сана көп адам бір жерге жиналып қалған кезде оянады. Оны қоздыратын үрей, намысқа тию секілді тағы басқа әркімді стихиялы түрде әрекет етуге итермелейтін мәселелер. Әрине, бұрын адамдар көшеге жиналатын. Қазір әлеуметтік желілерге жиылады. Саяси технологтар тобырлық сананы алдымен әлеуметтік желіде қоздырып, онлайнда ашу мен ызаға берілген жұртты кейін офлайнға шығарып ойларын жүзеге асыратынын соңғы жылдары әлемде болған төңкерістерден білеміз»......
..... «Атырауда алаңға көп жұрт жиналды, қазақ оянды деп шулап жатыр әлеуметтік желі. Бұл да төңкеріс технологтарының ойлағаны жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Олар жерге байланысты толқулар қазағы қалың оңтүстік және батыс өңірлерде болғанын қалайды. Алда-жалда жаппай бей-берекетсіздік орын алып, мемлекет сол өңірлерді тыныштандырумен әуре болып жатса, солтүстікте орыстарды құтқару операциясы жүзеге оңай асырылмақ. Мысалды, алыстан іздеудің қажеті жоқ. Төңкеріс технологиясы белгілі бір ретпен іске асырылады. Украина Киевте майдандатып жатқанда, орыс шығысына әскер кіргізіп, жерін бөліп алды. Ондай тактиканы мүмкіндігіне қарай барлық көршілеріне қолданады. Қазақстанда жаппай толқу болса екен деп сыртқы жау армандағалы қашан. Сондықтан олар ешқашан сәтін жібермеуге тырысады»...... Расында да бізде арандап қалмайық.
..... «Садаға малым, жаным да,
Алаштың рухы - қанымда.
Сабырлы болсын десе жұрт,
Үкімет келсін сабырға!
Тезірек сөнсін шоқ мынау,
Жел соқпай тұрған шағында»...-деп Торғайлық ақын Саят Әбенов айтқандай бірінші Үкімет ойлану керек. Сыртқы күшке себеп болар,елді дүрліктірер жер сату мәселесін тоқтатуы керек. Тіпті тиімді деп тапса оны қара халыққа асықпай, ақпараттық-насихат топтарын жасақтап кездесулер ұйымдастып кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. Содан кейін референдум өткізсе халық онсызда қолдап шығар еді. Асыққан шайтан ісі. Шайтан түртіп жүрмесін..... Бізді де арандатпасын!

Елубек Оспанов 

0
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 25 сәуір 2016, 20:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.