Арманның ақталуы

Арманның ақталуы
жеке
блог

    Кешкі уақыт. Үстел үстінде жанұя бас қосып, кешкі астарын ішіп отыр. Айсұлудың анасы пысық, қарапайым заттардан керемет дәмді тамақ жасай қояды. Жасаған тамағы артылып, желінбей қалған күнді көрген емеспін. Үстел басы. Ешкім сөйлемейді. Тек тамақты жегендегені дыбыс ғана шығып жатыр. Айсұлудың әкесінің көңіл-күйі жоқ. Оған себеп, ауылдың ең керемет көлігі болып жүрген «жигулидің» дөңгелегінің істен шығуы. Сөйлегісі келсе Айсұлу әкесінің ашуына қарап үндемей тамағын ішіп отыр.

    Көрші үйде тағы да айқай шыға бастады. Базарбаевтар әулетімен ешкім араласпайды. Себебі, олар адаммен емес арақпен араласатын жандар. Ерлан тағы бүгін әйелін ұрып жатыр. Байғұс әйелдің шыңғырған даусы жұдырықтай жүректің қозғалысын жиілетіп жібереді. «Жап аузыңды, қатын!», «албасты, сұмырай ішетін арағыңды іш іш... тек маған тиіспеш!» деген диологтар соңы Ерланның қорылымен аяқталады. Бұл ұрыс кешкі асқа деген тәбетімізді жоғалтып жіберді.

    Айсұлудың әкесі тысқа шығып көк жигулиін жөндеуге кірісті. Себебі, бұл отбасы көк жигулимен күн көреді. Малдың бәрін сатып, осы көк тұлпарға қол жеткізген. Айсұлу әкесін қатты жақсы көргендіктен, әкесінің қасынан бір елі қалмайды. Көлік жөндесе де, отын жарса да «әке енді не жасайын?» деп қолғабысын тигізіп жүреді. Жаз болса да, күн ұясына кіргеннен соң ауа райы салқындай бастайды. Айсұлу көйлекпен ғана жүр. Денесі мұздап, қата бастаса да, үйге кірер емес. Денесінің дірілдегенін әкесіне сездірмес үшін «Әке сізге қандай көлік ұнайды?» деген сауал қойса әкесі «осы көк тұлпарым» деді темір тұлпары ескірсе де. Айсұлу ішінен «Қайдам... Ел мініп жүрген керемет көлікке қол жеткізу мүмкін емес, болғандықтан айттып тұрсыз ғой. Аз қалды әкешім, мен оқуымды бітіріп, күнде астына түсіп жөндеп отыратын көлігіңізді көзің құртып, сізге зырылдап жүретін жеңіл көлік әперемін...» деп тұрған ойың анасының сөзі бұзды «Алматыда келініміз босаныпты. Ұл екен! Отағасы біз «ата» мен «апа» атандық!» деген жақсы жаңалықты жеткізіп жатты... Айсұлудың әкесі көзіне еріксіз жас алды. Айсұлудың бұл әкесінің көз жасын бірінші рет көруі...

    Күндер артынан айлар, айлар артынан жылдар өтті. Оқуын бітірген Айсұлу қаламы қарқынды журналист атанды. Әкесіне іштей уәде берген судай жаңа көлік сыйлап уәдесін орындады. Барлық ауыл тұрғындары Айсұлудың бағдарламасын үзбей көретін болды. Әкесі мен анасының маңдай терімен тапқан еңбегін ақтаған деген осы. Айсұлудың ендігі жоспары тұрмысқа шығып, ана атану...