Келін бой жасырады, дауысын таудан асырады
жеке
блог

Келін бой жасырады, дауысын таудан асырады

Жеңіл көлікке отырған бетімде екеудің әңгіме ауасын онша түсіне қоймаған едім. Дала суық болып, жылы жерге кіргесін рахаттанып отырғандықтан болар. Әйелдің қаттырақ шыққан даусынан ұққаным, жолсеріктерім ерлі-зайпты көрінеді.

- Осы мамамды түсіне алмая қойдым. Неге үлкен кісімен санаспайды екен. Мейлі ғой үйленіп жатқан өзінің қызы, сонда да апамды да араластырып, тойдың қамына кіріссе болады ғой, – деп ызаға булығып қояды зайыбы.

- Жетер енді, болды, қойшы, білгендерін істесін, аралас па! – деп әңгімені бітіргісі келді ері. Шынымды айтсам, әлгі әйелдің жіңішке шіңкілдеген даусын естуге менде құмартып отырған жоқ едім. Бірақ тоқтар емес:

- Неге араласпайды екем, сен араласып отырғанда. Мамам екеуін ғой бәрін өздерің жасап, апамды сыртқа итеріп тастап отырған. Үлкен кісі көп нәрсені біледі деп алдыға шығарып, сыйлау деген жоқ мамамда! – деп тапсынды.

- Ол өз шаруалары, мен қарындасым болғасын араластым. Есіңде ме, екеуміздің тойымызда ешкім еш нәрсені білмей көп олқылық орын алды, сондай қателіктер қайталанбасын дедім – деп ақталды. Оған әйелі көнер емес:

- Жоқ, тоқтай тұр,  ал сонда мүлдем отбасыға керек емес адам сияқты мен қайда қалдым?! Мамам қазір апамды мүлдем сыйламайды ғой, кейін менде солай мамады(мамам деп отырғаны енесі көрінеді) сыйламайыншы маған қалай жынданғанын көрер едік сол кезде! – деді тістеніп.

- Үлкендердің шаруасында нең бар осы, өздері білсін. Жетер енді, жүйкеңді жұқартқаннан не пайда саған? – деп көлікті жұлқып айдай бастады.

- Қалай нең бар дейсің? Бәрі көз алдыңда болып жатқан жоқ па? Шыдай алмаймын мұндай әділетсіздікке! – деп қылғынды.

Көлік ішінде отырған жолаушыны елең қылар емес екеуі де. Бәлкім баласанған болар, дегенмен сырт көзге сонша керілдесіп керекгі не еді? Мен жолақысын төлеп түсіп қалдым. Көлік ішіде ыстық еді, басым мең-зең. Қандай ой қорытарымды білмедім: бір отбасында үлкен ене, кіші ене және келін бар, сосын отағасы. Ұққаным: бірін-бірі мүлдем сыйламайды.Екі ортада жүріп, миын шұқылай берген әйелінің кесірінен күйеуінің шарадай басы шақшадай. Бұдан соң отбасы берекесі қашпай қайтсін?!.