Абай атамыз неге өкінген?
жеке
блог

Абай атамыз неге өкінген?

   Уақыт ол – ақша, уақыт құнды байлығымыз дейміз, бірақ біз уақытты қаншалықты бағалап жатырмыз?! Немесе кейде үлкен кісілердің қайран босқа өткізген жастық шағым-ай, қайтадан оралып келсе былай жасар едім дегенін көп естіген де шығарсыз. Бұл мақаланың мақсаты көпшілік қауымды, соның ішінде жастар қауымына басты назар қоя отырып, уақыттың қадірі жайлы айтқан теңізге түскен тамшыдай болса да кеңесім.

   Адамдар екі нәрсенің қадірін білмейді: бірі – денсаулықтың, екіншісі – уақыттың. Негізінде  уақыт байға да, кедейге де бірдей 24 сағат беріледі. Уақыт - ол ақша деген сөзді көбінесе байлар қолданатынын ескерсек, осы игіліктерге жетуінің өзін уақытты бағындыра алғаны деуге толығымен құқылымыз.   Мына керемет мысалға қараңыз, әрбір таңда оянған сәтіңізде, банк сіздің есепшотыңызға  86 400 теңге салып тұрады деп ойлаңыз. Осы қаржыны күні бойы кез келген кәдеңізге жаратуыңыз керек. Себебі сіз ұйықтаған кезіңізде қалған қолданылмаған ақшаны банк алып қояды екен. Бірақ, бұл күніге беретін сыйлық бір күні міндетті түрде тоқтайды. Сонда сіз бұл ақшамен не істер едіңіз? Әрине, ақшаңызды өз керегіңізге жұмсап, өзіңізге және басқаларға сыйлық алып,  оларға бақыт сыйлауға тырысар едіңіз, яғни пайдалы іске жұмсайсыз... Пайдасыз іске жұмсайтын болсаңыз, түбі кедейленіп қалуыңыз әбден мүмкін. Ендеше,сол 86 400 теңге дегеніміз бір тәулікті құрайтын 86 400 минут. Ақылды адам әрбір минутын босқа жібермейді, пайдалы іске жұмсайды. Олай етпеген жағдайда босқа кеткен әрбір минут өкініш әкеледі және ұтылған болып есептелесіз.

   Адам өз өмірінің қанша уақытын не нәрсемен шұғылдану арқылы өтетіні туралы мына қызықты ақпаратқа ден қойыңыз. Біздің ғасырда күніне 2 сағат теледидарды көргеніңнің өзіне өміріңнің 9 жыл уақыты зая кетті дей беріңіз. Немесе айрылмас "серігімізге" айналған интернет пен компьютер-телефондарды тұрақты қолдану кезінде өміріміздің 70%-ы өтеді. Lifeguide порталының мәліметінше, адам орташа есеппен өмірінің 25 жылын ұйқыға арнайды, сәйкесінше орташа адамның өмір сүру ұзақтығын 75 жыл деп алсақ құс қанат ғұмырының 1/3 бөлігін ұйқыға арнайды екенбіз. 3 ай өмірімізді көлік кептелісінде өткізсек, 6 жыл өмірін кезек күтумен босқа құртады екенбіз. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңыз», – деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсын деген оймен бір сағаттан соң оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатына қараған ғалым уақытында оятпаған қызметшісіне: «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз», – деп ашуланған екен.

«Жылдың қадірін білгің келсе, экзаменнен құлап қалған студенттен сұра.

Айдың қадірін білгің келсе, баласын уақытынан ерте босанған анадан сұра.

Аптаның қадірін білгің келсе, апта сайынғы шығатын газеттің редакторынан сұра.

Сағаттың қадірін білгің келсе, өз ғашығын күткен адамнан сұра.

Минуттың қадірін білгің келсе, поездан қалып қойғаннан сұра.

Секундтың қадірін білгің келсе, автокөлік апатынан жақын адамын жоғалтқаннан сұра.

Мыңнан бір секундтың қадірін білгің келсе, Олимпиадалық ойынның күміс жүлдегерінен сұра»,- деген екен атақты француз жазушысы Бернард Вербер.

   Атақты ойшыл «Уақыт – қылыш. Егер сен оны шаппайтын болсаң, ол сені шабады» деген екен. Енді, досым, саралап ойланшы. Сенің өткізген әрбір секундың сені ақырғы деміңе басқан бір қадаммен тең. 

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп атақты Абайдың өзі жастық дәуірін бос кетірдім деп өкініп жүргенде, сенің шалқып жүргенің жарамас! Қанша жыл жақсы бола алсаң, сонша жыл өмір сүр.