Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ерлігі аңызға айналған

Ерлігі аңызға айналған

Ерлігі аңызға айналған

Ұлы Отан соғысында аңсап жеткен Жеңіс – майдан даласында оққа оранып, ерлік пен қайсар мінез танытқан Батыр жауынгерлеріміздің ерен еңбегі. Олар батыр атану үшін емес, қалайда ел тыныштығын сақтап, ұрпағына бейбіт заманды мирас етіп қалдыруды мұрат тұтты. Ал біздің қасиетті борышымыз сол батыр бабалар даңқын ұлықтап, жеңіс жолындағы жан қиярлық ерліктерін ұмытпау. «Бәрі де Жеңіс үшін» ұранын жанына желеу етіп, талай озбырлықтың ортасында жүрсе де ар-намысын жоғары қоя білген әрбір майдангер құрметке  лайық.  Сондай жандардың бірі - Кеңес одағының Батыры Төле Кенжабаев.

Төле Кенжебаев Таскентбайұлы 1902 жылы қазіргі Алматы обылысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келген. Қазан төңкерісінен соң соғыс жылдарына дейін бірнеше жыл былғары зауытында қызмет атқарады. Дәл осы жерде 1925 жылы жары Құлжанмен танысып, шаңырақ көтереді. 1927 жылдары Шелек аудан болып құрылып жатқан еді.  Осы жерде жаңа құрылған Ворошилов колхозына Кенжебаев қойшы болып кіреді. Бұл жұмыста өзін-өзі жақсы жағынан көрсете білген Төлені колхоз басшысы Иванов аға шопан етіп тағайындаған. Колхоздың барлық қоғамдық жұмысына белсене араласа жүріп, ел алдында абыройлы кісі болды. Онымен қоса, колхоз ісінде кездескен кемшіліктерді дер кезінде жойып, жұмысын жақсартуға үнемі атсалысып жүретін.  Жемісті еңбек еткені үшін үш рет арнайы сыйлыққа да ие болған.

1941 жылдың 22 тамызында неміс фашистері КСРО шебіне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Бұл соғыс бүкіл елге қайғы мен қасірет әкелді. Не істеу керек? Кенжебаевтың ең алғашқы сұрағы осы болды да шешімін өзі тапты. Ертесіне колхоз бастығына жолығып, майданға баратынын жеткізді. Төленің бірбеткей мінезін жақсы білетін Иванов, оған ертең келуін өтініп шығарып салады. Осы кезде соғысқа өз еркімен сұранған бес ер азамат белгілі болған еді. Осылайша 1942 жылы отыз шақты адам елден жырақ майдан шебіне аттанып та кетті. Ең алдымен Алматы орталық соғыс комиссариятына бет алып, сол жерден бөлініп поезд вагондарына жайғасады. Поезд Иркутск қаласына келгенде Төлемен бірге 40-тай адам түседі де, соғыс горнизондарына орналасады. Осылайша отқа оранған соғыс шебіне араласып кетеді.

Днепр шайқасының батыры

Ол 60-гвардиялық атты әскер полкі, 1-ші эскадронының (Орталық майдан, 61-армия, 7-гвардиялық атты әскер корпусы, 16-гвардиялық атты әскер дивизиясы) даңқты жауынгері атанды. Кенжебаев 1943 жылы 27 қыркүйекте Нивки деревниясы жанында Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өткен. Өзеннің оң жағалауында жауып тұрған оқтың астында қалтқысы бар екі салды 200 м жерден сүйреп, Кеңес әскері тұрған жағалауға жеткізеді. Осылайша бөлімшелердің оң жағалауға өтуін қамтамасыз етеді.  Кенжебаев жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысып, 3 жауынгерін өлтіріп, бір офицерді тұтқынға алған. 30 қыркүйекте Галки селосы үшін болған ұрыста ол жаудың 2 әскерін жойды. Неміс әскері, әсіресе, күшті табиғи тосқауыл болған Днепр өзеніне ерекше маңыз берген еді. Қыркүйектің соңында Кеңес әскері Днепр өзеніндегі ұрыстарда шешуші табыстарға жетті. Осы кезде көрсеткен ерекше ерлігі үшін Кенжебаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталады.

Соғыстан кейінгі жылдары

1945 жылдың мамырында талай жауынгердің арманына айналған жеңістің жеткендігі жайлы хабар келеді. Көптен күткен жеңіс талай майдангердің көңілін көкке жеткізгендей еді.  Соғыстан аман-есен оралған Төле Кенжебаев өзінің туған жеріне оралып, «Авангард» ұжымшарының жылқы фермасында  аянбай тер төгіп, жұмыс істейді. Екі ұл тәрбиелеп өсірген ардақты әке. Бүгінде балалары әр салада қызмет етіп жүр.

Даңқты жауынгердің есімі мемориалды тақтада Кеңес Одағының 78 Батырының қатарында  және  Башқұртстан Республикасының Ұлттық мұражайында есімі өшпестей алтын әріппен жазулы. Ол 1988 жылы 86 жасында қайтыс болды. Бүгінде Шелек ауылында Кеңес Одағының Батыры Төле Кенжебаев атындағы мектеп және көше бар. Төле Кенжебаев сынды ел ісіне белсене араласқан қаһарманның ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде қанша дәріптесек те артық етпейтіні анық. Өйткені, олар көрген қиын-қыстау заманды біз басымыздан өткерген жоқпыз. Сол үшін де Аллаға сансыз шүкірлік етеміз!!!

Маржан СӘБЕТ

2
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 18 қыркүйек 2015, 16:09
Тегтер: Ұлы Отан соғысы, Төле Кенжебаев, Днепр шайқасы, Орталық майдан, 61-армия, 7-гвардиялық атты әскер корпусы, 16-гвардиялық атты әскер дивизиясы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.