Агуэро 2 ай алаңға шықпайды

О Сансызбай Корреспондент
Агуэро 2 ай алаңға шықпайды

«Манчестер Сити» шабуылшысы Серхио Агуэро соңғы турда «Арсеналмен» болған кездесуде жарақат алды. Енді аргентиналық футболшы 8 апта көлемінде командасының ойынын алаң жиегінде тамашалайтын болды.

БӨЛІСУ

«Канонирлерге» қарсы кездесуде есеп ашқан 25 жастағы шабуылшы екінші тайм басында алаңдағы орнын босатқан болатын. Манчестерлік команданың бас бапкері Мануэль Пеллегринидің айтуынша, футболшы алдағы 8 апта көлемінде алаңға шыға алмайтын көрінеді. Дәрігерлік тексеру қорытындысы бойынша, Агуэроның балтыр бұлшықеті жараланған. Сонымен қатар, 18 ақпан күні Чемпиондар Лигасының 1/8 финалындағы каталондық «Барселонаға» қарсы ойнауы да белгісіз болып отыр.

Жеребе сәтіндегі "Манчестер Сити" футболшыларының көңіл-күйі

Естеріңізге сала кетсек, Серхио Агуэро осы маусымда ағылшын премьер-лигасында 15 кездесу өткізіп, 13 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru