Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ӘЙЕЛДЕР БАР...

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира.  ӘЙЕЛДЕР БАР...
жеке
блог

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира.

ӘЙЕЛДЕР БАР...

Әйелдерсіз, үйдің сәні келмейді.

Әйелдер бар, өсегіңе ермейді,

Әйел деген тыным таппай,

Тек сен үшін терлейді!

Әйелдер бар,

Айтқанынан қайтпайды,

Әйелдер бар,

Кемшілікті айтпайды,

Әйелдер бар,

Құрбылармен қыдырып,

Жыл он екі ай, айттайды...

Ол бекерге жыламайды,

«Ананы әпер, мынаны әпер!»

Жо–жоқ, сұрамайды,

Жоғыңды жасырып,

Мақтауыңды асырып,

Өзі ғана туралайды!

Бір әйелдер күйеуіне жақпайды,

Мейрімі бітелген, еш ақпайды,

Олақ–салақ, тірлігі бар.

Көрген емес, оқтай–тақтайды...

Әйелдер бар, ертелетіп тұрмайды,

Қалта қарап, сен жоқта,

Тиын–тебен ұрлайды...

Әйелдер бар, тырнап алар,

Миыңды қасықпен қырнап алар,

«Ойбай, сондай, мұндай деп»,

Енеңізге жырлап алар...

Қара бояу жағылса, өзіне де,,

Аппақ етіп, сырлап алар..

Әйелдер бар, төсегі жиналмайды,

Жүретін жеріңді миналайды,

Ажырасып, бір баламен,

Рахат өмір, еш қиналмайды...

Бір сөз айтсаң, шатынап,

Ой, сені қиқалайды...

Бәрібір, әйел өмір тірегі,

Әйелмен жаның  кіреді,

Не десем де, бәрібір,

Аппақ, аппақ,

Аналардың жүрегі!