Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира. ӘКЕМ ӘКЕМДІ ТАНЫТТЫ

Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира.  ӘКЕМ ӘКЕМДІ ТАНЫТТЫ
жеке
блог

Алты рет тұрмыс құрып, алты рет беташары болған екен, махаббат жасқа қарамайды екен, өзі мені «балам сияқты екен» –деп санамайды екен, атақты жұлдызбен, комьютер көмей Байдангүл Байғатигеновамен қол ұстасып, құшақтасып жүргенімізге жеті ай болды.   Алдында «әпке!» деп жүргенмін, кейін ұялғанымнан: «Ғашығым, асылым!»–дейтін болыппын. Жасым жиырмаға толғанда, атақты әншіге, әнші болғанда, алпыстағы жұлдызға ғашық болмасым бар ма? Содан, таныстырайын деп әке–шешеме алып келдім. Шешем төрт сағат талып жатты, әкем есі ауған адамдай есекке теріс мініп алып, ауылды алты рет айналып келді.–Болашақ келіндеріңіз, –дедім мен. Әйелім иіліп, сәлем берді–Әй, мынауың кемпір ғой? –деді анам.–Төрт күүннен кейін молаға да үйренеді, –дедім мен. –Сенің он екі де, бір гүлің ашылмаған ғой? –деді әкем.–Оны қыздарға айтады, мен енді гүлдедім, –дедім мен.

«Он жылдан кейін қартайып, өліп қалар?» –деген оймен ата–анам амалсыз көнді.  Беташар болды. Той болды. Бір жылдан кейін әйелім көзіме көк шыбын үймелетті. Басқа байға кетіп қалды! Мені тастап! Кімге дейсіздер ме? Менің әкеме! «Әке, мұныңыз не? Ұялмайсыз ба?» –деп сұраған едім, сөйтсеем, әкем байғұс мені құтқару үшін үйленіпті ғой! Қайғыңызға ортақпын, әке!