ИМАММЕН КЕЗДЕСУ

ИМАММЕН КЕЗДЕСУ
жеке
блог

Ақтау қаласы ҚАЖД қарасты ГМ-172/10 түзету мекемесінде экстремизм және терроризм баптарымен сотталған азаматтармен «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Абдырханов Оспан Мухамбетович және  ТОЖҰБ инспекторлары  топтық кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мұсылманның сипатты атты тақырыбы талқыланды. Мұсылман адам әуелі өзін жоқтан бар еткен Аллаға сеніп, оны жақсы көруі тиіс. Әрине Алланы жақсы көру, оған деген шынайы махаббаты деген кезде ананың перзентіне, екі жастың бір-біріне деген махаббат пен сезімін елестетуге болмайды. Алланы жақсы көру, оған иман ету мен тануға байланысты болмақ.

Өйткені адам білгені нәрі танығанын ғана жақсы көре алады. Біз Алла Тағаланы Құранда айтылған сипаттарымен ғана тани аламыз. Оны шектеулі санамызбен танымдауымыз мүмкін емес. Ол әлемдердің Раббысы. Барлық мақлұқ атты жаратушы әрі өмір беруші, одан басқа жаратушы жоқ. Барлық нәрсені көруші, білуші, аспан мен жерде оған құпия ештеңе жоқ. Барлық нәрсені естуші, тіпті жүректегі сезім мен санадағы жасырын ойды да білуші, Аса мейірімді, ерекше қамқор.

Барлық жаратылысқа деген шексіз мейірім Иесі. Жаратқан пендесі иман етпесе де, ол адамға ризық беруші. Барлық нәрсеге құдіреті жететін, ай мен күнді, күндіз бен түнді, аспан мен жерді адамның игілігіне ұсынушы. Адамға берілген кәміл қабілетті беруші деп білеміз. Аллаға деген махаббат адамды Аллаға жақындатады және оның ризалығын алу үшін шынайы түрде амал етуге жетелейді деп «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы қатысушыларға өзінің ризашылығын білдіріп, олардың ой толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.

Сотталған азаматтар іс-шара соңында өздерінің діни сауаттылықтарын одан әрі жетілдіре түскендіктерін, әрі қарай осындай кездесулердің имамдар мен білікті мамандардың кеңестері аса қажеттілігін айтып өтті.