"Күлге айналған сезім"
жеке
блог

"Күлге айналған сезім"

Бір күні, мүмкін, сезімдерім күл болар. Шаң қылып ұшыр. Сені ойлағанда жұбатқан самал жел күлімді көкке шашсын. Махаббатты сусап жүрген әрбір жүрек өкпесіне терең тартсын. Махаббаттан лоқсып жүрген жандар темекісінің күліне қоссын. Санамды түндерде жаулап, күндіз жеңіліс тапқан, сенің төмен іс-әрекеттеріңді ақтап өткізген уақытымның құмсағатын сол күлмен толтыр. Төңкер де, сана. Қанша уақыт сені сүйе алды, соқпай жатқан сатқын жүрек? Қанша уақыт сені ойлап сыздады? Қанша уақыт бәрін ұмыту үшін тік тұрып дұға оқылды? Қанша рет тұнық жанардан мөлдір тамшылар ағып, бетті жуды? Қанша рет жанымда болсыншы деп, құшағыңды аңсадым? Санағанды жақсы көретін санаңды алда, жараңа тұз сеп. Сен үшін тырысып, өзімнен аттаған сәттерімді есіңе ал. Сыздады ма, жүрегің?