Саған сыр...

Саған сыр...
жеке
блог
Ғашық еркем, 
Асыл еркем , армысың !
Сен мен үшін нағыз идеалымсың. 
Сенің маған бар болмысың ұнады, 
Сені күнде көргім келіп тұрады.
Жан тәніммен жақсы көрем сені шын, 
Мен өзенмін ал сен менің теңізім...
Содан болар саған қарай асығам, 
Саған сондай құштарланып қосылам, 
Қойныңа кеп байыз тауып басылам. 
Ең сымбаттым, 
Ең қымбаттым хәл қалай ?
Сені сүйген жарым етсем арман - ай,
Қара шашты , қара көзді құралай, 
Көңілім саған құлады - ай,
Ессіз, көзсіз сені сүйдім сұрамай ...
Жайнап тұрған гүліндейсің  бағымның, 
Сен екенсің тыныштығы жанымның...
Мен қуансам менен өте қуандың, 
Қиналғанда сен қасымнан табылдың. 
Міне , сенен алыс кетіп жаңылдым. 
Сені сондай... сондай қатты сағындым. 
Сенсіз өткен күндерімде болмай мән, 
Өзіңді ойлап  отырғаным шалғайдан...
Жасырынған жүзімде бұл жүдеген, 
Көптен бері кірпігімде түнеген, 
Саған деген сағынышым бұл өлең...
Бүтінбаев Нұржан