Сенсіз де өмір бар екен...

Сенсіз де өмір бар екен...
жеке
блог

Сенсіз де өмір бар екен...

Өзіңді ойлап таңды - таңға асырып, 
Таңғажайып түннің құтын қашырып. 
Түк қалдырмай, тек өзіңе ашылып, 
Таң атқанша сыр айтуға асығып, 
Әр түн сайын келер - ау деп мен күттім, 
Сенсіз де түн өтеріне көндіктім. 
Сенсіз де түн бар екен. 
Тура келген тағдырыма көне алмай ,
Өз - өзімді билей алмай,  жеңе алмай.
Сені қиып өзге қолға бере алмай, 
Сенсіз де өмір бар дегенге сене алмай, 
Алғашқыда әр күн санап алдандым, 
Сенсіз де күн өтетінін аңғардым. 
Сенсіз де күн бар екен...
Бірде тоңып,  бірде жанып бұл кеуде ,
Қуанғаным,  мұңайғаным бірдемде...
Сені есімнен шығара алмай жүргенде, 
Ақыры кеп жаратқанға жүгіндім, 
Сенсіз де өмір бар екенін ұғындым .
Сенсіз де өмір бар екен...