Қимаймын...
жеке
блог

Қимаймын...

Қимаймын сені көгімнің жарық жұлдызы

 

Сағынып күнді өткенді іздеп баяғы,

Қара түнек боп, аққандай жырдың бояуы.

Қанға боялған күнімнің қызыл қырғыны

Бата түскендей жүрекке келіп саяды.

 

Сермегендейсің ауыр да өткір қаруды,

Қара сөзіңе қара жүрегім сабылды.

Ауыр да зілді амалдарыңмен түсінші,

Ауырттың қатты, ауырттың қатты жанымды.

 

Өжет қызсың басқаға бермес намысын,

Өзгерте білдің бұзық "өзеннің" ағысын.

Сүйемін деген сөзге де шамаң келмейді,

Жүрек ұғымсыз басқармай қалды қағысын.

 

Қандай болсаң да гүлімсің өзің қырмызы,

Қуаныш емес көбіне жүрек мұң қызы.

Не қылсаң-дағы мені ойлап жаса өтініш,

Қимаймын сені көгімнің жарық жұлдызы!

 

Автор:Жұмагелді Тоқтарбек