Кешіккен махаббат. Тарихта аты қалған зиялылардың кешіккен махаббаты.

Кешіккен махаббат. Тарихта аты қалған зиялылардың кешіккен махаббаты.
жеке
блог

  Халық арасында махаббат жасқа қарамайды деседі. Соның дәлелін тарихта аты қалған зиялыларымыздың тағдырынан байқауға болады.

  Иоганн Вольфганг фон Гөте-ұлы неміс ақыны, дана ойшыл, табиғаттанушы. Ұлы адамдардың өзінің әлсіз әдет, жарамсыз мінезі болады. Бірақ сол орайсыз әдет, жарамсыз мінездің өзі қосымша игілікке бастайтыны бар. Кейінгілер үшін игілік. Ал өз басын қасіретке жетелесе керек. Тағдырдың еркесі, тәңірінің сүйіктісі болған Гөтенің ақыр түбі қайғыға ұласқан міні - Әйел деп аталады.Гөте тәуір көрген он шақты әйелдің аты белгілі. Ең соңғысы бәлкім шипалы Мариенбадтан тапқан 19 жасар Ульрика. Қарт ақынның жүрегіне шоқ түседі. Шоқ түскені рас, оның себепкері 19 жасар бойжеткен қыз Ульрика фон Ливецев. Жетпіс төрт жастағы қарт ақын елу жыл бұрынғы жүрегімен қайта қауышқандай сезімде болады. Қызығы уыздай жас қыз да қарт ақынға кет әрі демеген.

 

Қазақтың еңбек сіңірген қайраткері, революционер, азаттық жолында күрескен зиялы азаматтарының бірі - Тұрар Рысқұлов. "Қызыл Жебе" атанған Рысқұловтың үш мәрте отбасы құрғанын біреу білсе, біреу білмейді. Алғашқы әйелдері орыс ұлтынан болатын. Қайраткердің кешіккен махаббаты өзінен біраз жас кіші Әзиза дейтін жас қыз еді. Жасы қырықтың арқалап қалған шағында Әзизаны фотодан көреді. Ол кезде Тұрар екі әйелмен ажырасқан, ұлы мен қызы бар болатын. Тағдыр екеуін қосады. Әзиза қолы ашық, жаны жайдары, мейірбан әйел. Қарап отсақ ұлылардың артында жігері мығым әйел тұрады. Ал Әзиза сол жігерлі, қайраткерге деген махаббаты адал әйел болатын. 

 Тарихтың өзі махаббаттың ерте, кеші жоқ екенінің көрінісі. Оны біз жарты әлемді жамбасына басқан Шыңғыс хан, КСРО 20жыл басқарған Сталин, қазақтың бас ақыны Абай, елінің еркесі, халықтың серкесі Ақан серілердің өмірі дәлел