Тоғыспаған тағдырлар

 Тоғыспаған тағдырлар...????

 

Кейде адамның қолыңнан бәрі келетіндей болып кетеді. керегіңді алып, өмірге, тұрмыс-тіршілікке қажеттінің бәрін жасап, бәріне қол жеткізу мүмкіндігі бола тұра, әр адамның ішкі бір қол жетпеген мұраты болады екен.

Билік, ақша ????қазіргі заманда мүмкін еместі мүмкін ететін болды.

Адамның құндылығы емес, заттың құндылығы артты.

 

Бір оқиға есіме түсті...

 

Біреуге 5️⃣жыл аз болар, ал ол үшін әр күні өкінумен, күйінішпен өткен күндер.

Ия, ол солай боларын сезді, білді себебі, жүректің тілің тыңдаушы еді.

Ия, сол күні ол мүмкін әлі бала болар, бірақ ішкі жан-дүниесі енді бұл күн қайта келмейтінін, сол күнгі жас кейін еш маңызы болмайтынын ол білді. Құдды бір көріпкелкелдей : "мама қазір бас тартсам, маған дәл осындай адам жолықпайды" - деді. Оны жігіттің сұлтаны демейсің, қарапайым жігіт. Бірақ, аузынан осы сөз шыққанда әрбір сөз дірілмен жүректі қақ жарып шыққан болатын. Бұл сөздер айтылғанда, көзден ғана жас ????емес, жүректе ????қарс айырылып тұрған еді... 

 

Араны ала мысық кесіп өтті. Адамды жануарға теңегенде дұрыс емес болар. Бірақ, басқа теңеу таппадым.

Арман, қиял желге ұшты.

Үміт үзілді.

Қайта келмес, келсе оны қабылдамастай болды. Оны сатқындыққа балады. Себебі ол сөзінде тұрмады. Ол жол жөнекей жылтырға қызығып от басты. Шынайы сезім, ұлы махаббатты уақытша ойнасқа айырбастады. Ол кезде мүмкін ол ашумен жасаған болар, бірақ сол жасаған қадамы үшін өмір бойы ішін жегідей жерін сол сәтте түсіне қоймады.

Ол жұбанышты дереу басқанын құшағынан таба ғойды.

Ал қыз болса, өзіңе ешкімді жолатқыза алмай, тек іштей қынжылумен болды. Себебі, ол үшін намыс бірінші тұрды. Артыма сөз келді-ау деп, намыстанды. Не шешесіне шерін, не әкесіне жағдайды түсіндіре алмады, ұялды, өзің тастанды сезінді. Арада ештеңе болмасада, сөзбайласып, жолда қалғаны ол үшін өліммен тең еді.

Бұл ауыртпалықты көтере алмай төсек тартып, нәр татпай, ұйқыдан айырылды. 

Біреу телефон соқты, түн ортасы. Қараса жігіттің номері. Алды. Арғы жақта жігіттің емес, бөтен қыздың дауысы. "Біз бахыттымыз. Бізді мазалама, үйленейін деп жатырмыз" - деп, артынша менің аяғым ауыр, сол себепті үмітіңді үз деп, мазақы күлкімен дауысы әліде құлағына жаңғырықтай естіледі. Жасанды күлкі, сөздер сондай жеркенішті дауыс еді.

Ол болса, "жігіттің олай жасауы мүмкін емес. Ол мені сүйеді" -деп қайталаумен болды. "Сүйсе неге ол қазір сенің жанында емес, менің жанымда" - дегенді естіде, жүрегі қан жылап, көшеде состыйып тұрдыда қалды. Айналада тірі жан жоқ. Тас қараңғы. Өксігі тамағына тіреліп, көзден жас тоқтар емес. Сол күйі есің жимастан үйге кіргені сол-ақ еді, есінең таңып қалды. Абырой болғанда ешкім көрмей телефонның дауысына оянды. Қараса 10 минут өткен екен. Тағы сол номер. Енді жігіттің өзі. Ақталуда. Сүйемін деп жұбатуда.

Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды.

Аурухана. Дәрі-дәрмек. Әсер етер емес. Жүректі қысып, соғысы арта түсті. Ешкім ештеңе жасай алмады. Анасы қолынан ұстап, еріксіз көзінен жас шығуда.

Біраз, уақыт өткен соң басылды. Сәл кешірек, "бүгін беташар болыпты" -дегенді естіді...Сол кезде ғана жүректің сонша тулағанының себебі, беташардың болғанын сезген екен. Бетаршар болғанға дейін үміті үзілген жоқ еді. Енді соңғы үмітте жоқ.

Бітті...

Ай өтті. Қыз отбасына ғана емес, бүкіл әлемге өкпелі. Сол сәтте қарсы болғандардың бәрін жек көрді.

Үйленіп алып, жігіт түк болмағандай хабарласатынды шығарды. Қыз ұрыссада хабарласуын тоқтатпады. Сондағы айтатыны "мен өкінемін, асығыс үйлендім, әйелімді емес, сені сүйемін" - дегенді естіп, жылаумен күн өтті.

Айлар өтті...

Жұмысқа тұрып, ойын басқаға бөліп жаңа өмір бастамақшы болды. Бірақ, жұмысқа іздеп келген күні "жоқ шықпаймын" деп айта алмады. Кездесіп, сөйлесті. Қыздың жылағаны таңсық емес, жігіт жылаған жаман екен. Жылап тұрып "мен білесіңба бахытсызбын, ойлашы өмір бойы сүймейтін адаммен бірге тұру. Сенің мүмкіндігін бар. Адамыңды жолықтыруға, ал мен үйленіп қойдым ашумен, ортада бала бар. Артқа жол жоқ. Мен бахытсызбын. Соған сенің әке-шешең кінәлі" дегенде, екеуінің көзінен тек еріксіз жас шықты. Неге қос ғашықтың қосылуына бүкіл әлем қарсы болды десеңші? Неге?

Жылдар өтті...

Қыз ғашықтық, махаббат бар екенін біледі, бірақ тірі жанға сенбейді. Жалғыздықтың әбден дәмін татып, жүрегі күннен күнге тасқа айналып қата берді. Мінезі де қатал болып, жұмсақтық, аяушылық не екенін ұмыта бастады.

Ас үйде жалғыз. Жұмыстан кейін үйге аяғы тартпайтын, себебі үйге барғанда жалғыз екені оданда қатты сезілуші еді.

Ал, жігіттің екі баласы бар. Бірақ, ол туралы естіп тұратын. Жылдар өтседе, хабарласуын қоймады. 

5 жыл өтті. Өкінумен жылдар өтті. Қыз 27 келетін жылы тұрмысқа шығу керек, махаббат болмасада бала керек, арқа сүйер азамат керек деп, өзің қинап, қаламасада тұрмысқа шықты. Себебі отбасын құру керек. Өткеннен елесімен жүре берсе, өмір бойы қу тізесін құшақтап қалама деді. Өмірдегі ең сорақы шешім, өзіңнің қалауынсыз өзің қабылдаған шешім. 

Ұзату той болатын күн. Жігіттің үміті үзілген күн. Ал, қыздың үмітім 5 жыл бұрын беташар болғанда үзілген еді.

Жігіт отбасылы.

Қыз басқаның жары. 

Осылайша Қос ғашықты, қатал тағдыр екі жаққа қосылмастай айырды ????????????


P&s өмірде ең жаманы қолда бәрі бола тұра, бір нәрсеге қол жеткізе алмау. Бір кем дүние-ай...



Бөлісу: