Махаббат

Махаббат
жеке
блог

Өртедің ғой жанымды сәулем менің,

Қол жетпейтін сен маған әуре ме едің?

Тұманына адастым ғой шықпастай боп,

Неге жаным сонша мені әуреледің?

 

Тұтқынына айналдым-ау өрт сезімнің,

Құтқар деп жалынатын бар ма адам

Жалынымен күйдірді  мына тағдыр,

Бір басыма жауғандай бұршақ жаңбыр.

 

Тағдыр деген өзендегі ол бір қайық,

Бар сырымды жібердім саған жайып.

Асау өзен толқынына ерегіскен,

Мінезімді көрмегейсің үлкен айып...