Құрбаның боп кетейің, жазшы маған!

Құрбаның боп кетейің, жазшы маған!
жеке
блог
   Сағыныш сезімі-адамның ішкі жан дүниесінің тербеліс құшағында болатын уақыты деп есептеймін. Өткен шақтың бақытты сәттерімен бүгінгі күнді жалғап жүру- үлкен қасірет. Не бүгінгі күннің раxатын, не келешектің қамын ойлай алмай біртүрлі бақытсыз  күй кешесін. Шын жүрекпен жақсы көретін адамдарынның жанында болып, бақытты сәттерді бірге өткізгенге нн жетсін! Өткен шаққа тастап кеткен сүйікті жандарымыздың қазір қалай, кіммен тыныстап жүргенінен бейxабармыз. Кейде, айтар сөзіңді айта алмай, сезіміңді жеткізе алмай жүресің. Кейде емес, әрдайым. Жүрекке бұл дерт жабысқалы 2-3жыл болған шығар. Талай ашылмаған сыр, айтылмаған сөз қалды. Әр нәрсенің өз уақыты болатыны рас екен. Қазіргі уақыт басқа уақыт, дәл сол сезім сол уақытта қалып қойған. Бұны қазір айту батылдық емес, қателік. Тыңдарманы жоқ...