Махаббат атты сезімге көкей тесті көзқарас..
жеке
блог

Махаббат атты сезімге көкей тесті көзқарас..

  Қыз Жібек пен Төлеген секілденген жандарға.

  Көз тоймайды керемет, есі кетпес жан барма?

  Алып ауыз алапат, жегі бөрі тартпаса.

  Құмар менен сезімді ауыстырып алмаса.

  Өтті қанша ғасырлар, тапталды мың сан ойлар.

  Сезім хәлі нашарлап, өшті жалын махаббат..... Ия, бұл тақырып әр адамның жан дүниесінде қозғалмай, яки өршімей тұрмас. Құрсақтағы сәби, жаңа туылған шақалақ, жас буын жеткіншек, ересек ес білер тұлға. Қай қайсысы болмасын, бұл не дерт не үлкен сый десті. Махаббат деген пәк ұғымға ешкім дақ түсірмес еді, орыс патшалық қазақтарды басқаруды қолына алып, түрлі алпауыт саясат пен тоқтаусыз соғыс жасағы болмаса.Кезінде қыр басына топ болып қыз бой жеткендер мен  салт атты батырлар, өте бере шөл қандырып,көзі түскен жанға қарамақ түгілі сөз сөйлеуге ұялған десті. Атын затын женгесінен білісіп, ол жанға қол тігізбес жар қылып алатын. Сол текті қазақтардан тараған текті қан бізде қалдыма? жауабым қуантарлық болмас.

Ғалымдардың айтуын пайымдап өтейін:"Ғалымдардың айтуынша, адамның жаратылысы толық қайталанытын гендер мен атомдардан құралған.Және жалындап тұрған ынтызарлық махаббаттың оты бар болғаны үш жылдық ғұмыры бар. Қалған уақыт не бауыр басып қалу, не өзін-өзі сендіріп ол адамсыз өмір жоқ деген түсінік қалыптастыруы, егер гендердің қайталанып бір-біріне тартылысты іздер болса, онда әр адамға ұқсас кем дегенде 520-ші жаратылыс болар еді."-депті. Мүмкін, шынымен махаббат жәй ғана гендер мен гормондардың тартылысы шығыр. Бірақ қазір, кезінде шын ғашық болған жандар жоққа шығырып жүрер. 

  Менің негативті көз қарасым бұл тараптан жоқ, бәлкім ол сезімді тамырымнан өткізіп көрмегендіктен, бәлкім сезінгім келмегендіктен. Махаббат десе ат-тонын ала қаша қыз бен жігітті елестететін пендемізғой бәріміз. Махаббат жік-жікке бөлінбейді әлде бөлінеді, ол жағын мен ойлаған емеспін, бірақ білетінім ол "кене" сезім. Жүрегіңе бір жапысып алса, яки оны уақытылы суырып алмасаң тамырын терең жайып, өз ізін ұзаққа және ауыр пиғылдарға алып келетін. Бірақ ауыр болтынын білсеңде, жаны тәтті, осы құштар сезімді аңсап тұратын, кезіндегі есті жан өз мәртебесін ессізге ауыстырып бой көтере алмай қалады.

 Ең алғаш ауқымды жаттаған өлеңдерімнің бірі М.Мақатаевтікі  "Ғашықпын" болатын, ол кезде шамамен он жаста едім, мағынасын сезіне білмесемде, кинолардан көрген ойнақы сезімді бойыма мысал ретінде алып сезінуге тырыстым, бәлкім сезіне алмағандықтан, жарыстан екінші орын алыпта қалдым. Ия, мен жайлы кейінірек. Махаббатқа толық көзқарасым көбісінің ойынша негативті болып көрінуі әбден мүмкін, біз болжампаз халықпызғой. Махаббаттың бар екеніне мен жан дүниеммен сезінемін. Жоқ жоқ ол қазіргі ғаламтордағы күлкілі және жарқын кейіпті "смайлик" не құлақ құрышын қандыратын сөздер емес. Ол әр кездесу сайын алып келуге тиісті сыйлықтар емес. "Мен сенікімін, сен менкісің, мәңгі бірге" деген арзанқол сөз берісулер емес. Мың сан үміт күттіретін, бірақ бел отрада мәселе шығып қалса қу басын ойлау емес.Өзіңнің сезімің үшін қайтарым сұрау емес. 

 Қысқаша, қазіргі махаббатқа көңілім жарым, бәлкім заманнан бәлкім адамнан, бірақ мойындайықшы бесіктен белі босамай, аузынан ағы кетпеген шырақтар, ғашықпын деп, ерте бірін-бірінен мезі болып, ақыры болмаш нәрсеге құнығады. Естері ауып тауық махабаттың түгін қалдырар емес. Үйінде махаббат көрмеген олар, оны көшеден іздейді ме, әлде оларға бұл бос уақытына жұбаныш па, анадан мыныған шегіртке айғырындай секіріп "өз адамын іздейді" шіркін.Таба қойса мейлі, тыным таппай басқаға көздері жалтақтайды , қынын ішпеген маса тәрізді. Қызға қиын демеспін, ерге оңай демеспін. Күн сайын "аналар үйі" көбейіп, "балалар үйі" салынып жатқан елге айналып баратырмыз. Соның бәрі кезіндегі жалған махаббат пен, арбауыш ырбаң көңілдің кесірі. Кезіндегі пәк көңіл, кіршіксіз сезім махаббатты жеке оғы бітпес қаруға айналдырған секілді.

  Екі жанның арасындағы махаббат, толы сеніммен, пәк таза көңілден тұруы қажет. Бірін-біріне шексіз ілтипатпен, адал қуаныш сыйлауға деген құштарлық. Оның көз қарасынан ақ жылулықпен жайлылық сезіне білу, тіпті үнсіздік кезінде, бір-біріне сыр бөлісе алу қасиеті. ИЯ, бұл менің жеке ойым. Бәлкім махаббаттан азап шеккен жандар, бұны жоққа шығарар, мен бұл сезімдерге сенемін.

  Мен үшін төрт түрлі махаббат әр есті жанның кеудесіне таңба болу керек. Ең алдымен шексіз жаратылыс иесі Аллаға, туған жерің, кіндік қаның тамған жерің Отанға, сені өсірген махаббатын аямаған отбасыңа, және тек бір ғана аяулы жарыңа арналған. Өмірде өзгертілмес нәрсе бар "өз теңімді іздеймін" , "махаббатым қайдасың" деп дабыл қағудың қажеті жоқ, сылдыр сезім өткен соң, бос өткен уақыт пен дұрыс емес адамға айтылған сөздер үшін өкінгенше, жалғыз аққуыңызды табуыңызды тілеймін. 

 

 

НАЗАР САЛЫП ОҚЫҒАНЫҢА РАҚМЕТ! 

ӨЗ АРМАННЫҢДАҒЫ БІР БӨЛІГІҢДІ ТАПҚАЙСЫҢ!