Менің "жарығым"

Жанымның жайдары жазы болған - Анашым, толқып, тебіренген балалық саф көңілімнің жұбанышы - Анашым , "жаным" деп айта алатын жалғыз адамым - Анашым , сүрінгенде сүйеніш болған - Анашым , жарық дүниеге келгелі бері өзіндегісінің барын жиып, балаларының аузына тосқан - Анашым, сағынғанда мауқымды еркін басатын - Анашым, балаларын көзінен - ақ барлығын түсініп қоятын - Анашым, "жарығым" деп жақсы көрген - Анашым, қарауытып кеткен күндерімді жадырататын - Анашым , үзілген үмітімді жалғайтын - Анашым. Ауыз  толтырып айтсам да ардақты есіміңнің маған деген маңызын толық жеткізе алмаспын...



Бөлісу: