Алматыда World Press Photo-2014 халықаралық конкурсының көрмесі өтеді

Алматыда World Press Photo-2014 халықаралық конкурсының көрмесі өтеді

World Press Photo – халықаралық деңгейдегі ең беделді фотоконкурс. БАҚ фоторедакторлары мен кәсіби фотографтардан тұратын әділ қазы жыл сайын сан түрлі фотожурналистер, компаниялар, газет-журналдардың фото жүмыстарын 9 категорияда бағалайды. Екі апта ішінде әлемнің 124 елінен келген 5666 автордың 103 мыңнан астан суреттерін қарап шықты. 57-ші конкурс 2014 жылдың ақпан айында Амстердамда өткен болатын.

Нидерланд әмірлігі, Еуропалық бірлестік өкілдігі, Ұлыбритания мен Канаданың дипломатиялық қолдауымен көрме Қазақстанға келді.

Әлем мойындаған көрменің куәгері болуға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы.

Мерзімі: 21-31 желтоқсан аралығы.

Сурет: worldpressphoto.org

Ф. Абилова