Зеренің күнделігінен....
жеке
блог

Зеренің күнделігінен....

(әдемі әуенді қосып қойып оқуға кеңес беремін)

  Бойымдағы саған деген бұлқыныстың басылмағанына әлі де таңмын. Сенде соншалықты не қасиет бар екен? Неңдей қасиет..? Бәлкім, сенің образыңды мен өзім жасағанымнан шығар. Иә, мен сені жақсы білмеймін. Жете танымаймын. Бірақ сен мен үшін идеалсың! Менің нағыз идеалымсың! Алайда сенің шынайы жүзің қандай екен? Мен сені ойламауға тырысқанмын, тырысып та жүрмін, тырысамын да. Бірақ саған келгенде дәрменсізбін. Сені ойлай қалсам, сенің бейнең көз алдыма келе қалса, жүрегім дүрс-дүрс соғады. Бұл махаббат па, ұнату ма әлде ғашықтық па? Махаббат болса жауапсыз, ұнату болса уақытша, ғашықтық болса жалған боп көрінеді. Негізі, сен екеуміз плюс пен минус секілдіміз. Ал кей қасиеттеріміз бір-бірімізді толықтырып тұратындай. Мен сені кейде жек көрем! Өйткені сен үшін мен таңдау жасайтындаймын. Сен және...және мен. Иә, мен. "Мен" деген өзім емес. Мақсатым, жақындарым. Мұны жақындарымнан біреу-міреу оқыса, "үмітімізді өшірді" деп көңіл құлазытар. Бірақ олай ойламасаңыздар екен деймін. Ұнату - қылмыс па? Ғашық болу - күнә ма? Махаббат - жаман ба? Сен туралы мен ылғи жазам(ын). Сол арқылы мен жан-жарамды емдеймін. Сен туралы кез-келген жанға айтқым келеді. Сенің бойындағы қасиеттерді мен өзгелерден іздеймін. Мен қазір бар уақытымды сарп етіп, сен туралы жазып отырмын. Ал сен еңбектеніп жатқан боларсың немесе мен сияқты сен де өз аруыңды ойлап отырған шығарсың..? Мен ешқашан уақытымды бос өткізбейтінмін. Алайда саған келгенде 24 сағаттан 25 сағат жайсайтындаймын. Сол үшін сені жек көрем! Ал  басымдағы сен турасында жасаған образ арқылы саған ғашықпын! Ұят! Масқара! Білемін. Мен қанша мықты болуға тырыссам да, махаббаттың алдында дәрменсіз екенмін. Саған деген махаббатым жауапсыз болса да, саған деген сезімімді тізгіндей алар емеспін. Тағы да дәрменсізбін....