Қыз бен күз
жеке
блог

Қыз бен күз

"Адам өмірінде бір рет қателік жасаса, сабақ болар.. Екіншісі ақымақтық. Бірақ, біріншісінен болмаған нәтижені екіншісінде күтуің мүмкін.. Өмір ғой. Бір сеніп көргеннен кейін, сенімің жоғалады да, жабығып қаласың. Десе де, кеудеңдегі шынайылық пен үмітің үзілмейді. Екінші рет сеніп көруге тағы мүмкіндік, яки ыңғай келеді. Бұл жолы басқаша емес, алдыңғы басыңа таяқ болып тиген сабағың бар. Бұл жолы сақтаусың. Бірақ, тағы да сол жабығу... Берілген мүмкіндіктер мен айтылған сыйластық - жай ғана бағасыз күлге айналады. Міне, осы сәттен бастап, сен үшін де басқаның ешқандай мағынасы қалмайды. Осы сәттен, сенде өзіңе болған жауапты өзгеге қайтарасың..."

 

Бұл өмірдің тәтті де, ащты дәмін енді сезе бастаған бойжеткен Гүлнәздің ойы еді. Корейдің қиялшылдық пен сезімге толы романтикалық сериалдарынан көріп жүргеніне ұқсас болды ма екен, әйтеуір әсем де, мұңлы қойылым секілді, жаңбырлы көшеге, терезеден ұзақ қарады. Терезе жанында тұрған қара ағаштың жапырақтары жаңбырмен жағаласа, жерге төгіліп жатты. Шуақты жаз өз кезегін күзге тапсырып, келесі мезгілдің басы аяқ басқан кез.. Қыз көңілінде де дәл солай, қоңыр күздің белгісі еді... Өзінің жабығып отыруымен ауа-райы да дөп келген секілді. Бірінің мұңын бірі шертіп отыр. Бойжеткен ішіндегі біршама уақыт өмір сүрген әдемі ертегісі, өзі салған махаббат ағашы, жүгенсіз ойларының жауапсыз сұрақтарына жауа бере алмай, кеудесінде аюдың апанындай бос кеңістік қалдыра жоқ бола кетті. Осы сәтте, терезе жақтауына бір тамшы жас томалап түсті. Артынан екіншісі, үшіншісі түсіп жатты. Бұл үдетпелі емес, бірқалыпты жай ғана тамып жатқан көз жастары. Гүлнәз үшін өмірде ғана емес, жүрегіне келген күз мәңгі секілді болып көрінді. Балалық ойлар мен дәл қазір сезініп отқан сезімдері оған ертеңгі келетін күннің кереметін, суық та болсын күздің өзіндік әсемдігін бірсәтке есінен шығартты. Өмірді білемін деген, ересек кейіп танытқысы келетін кішкене қыздың бала махаббаты болатын...