Күн мен Ай (жалғасы)
жеке
блог

Күн мен Ай (жалғасы)

Барине сәлем! Мен қайта оралдым! Оқиғам сіздерді қызықтырғанына шын журектен қуаныштымын! Оқиғамның жалғасын баяндап берейін! Сонда жігіт былай деді: Жазған хатынызда ешқандай қате таппадым! Өте сауатты жазады екенсіз! «Бірақ кешіріңіз сіз маған мүлдем ұнамайсыз»- деп қоя берді!  Күн сол кезде ұялы телефонындағы Айдың жауабына үн-түнсіз қарап тұра берді! Сол бір сәттер оған шексіз болып көрінді! Күн ешқандай жауап қатпады, тек Айдың хатын өшіріп тастады! Осыдан Күннің бір де бір түні жылаусыз өтпеді! Арада 3 жыл өтеді.....

Абая Ауезованың қиылысында әппақ Volkswagen бағдаршамның жасыл түсіне аялдап тұрған болатын. Қасына 34 нөмірлі автобуста қызыл бағдаршамның түсін жанғанын күтіп тұрған болатын! Былай қарасаңыз, күнделікті жайт онда тұрған не бар дейсіздер ғо! Бірақ Volkswagenнің ішінде Ай мен оның қызы Жұлдыз отырған болатын! Ал автобуста Күн отырған болатын! Сол бір сәтте, сол бір қиылыста екеуінің арасында тартылыс болды ма,әлде басқада сезім бе белгісіз! Екеуі бір біріне қарап қалады! Күн жанында отырған Жұлдызды көріп! Айдың неге осы бір қызға көзі түскенің түсінеді! Жұлдыз өте сымбатты,сұлу,өзін жақсы көрсете білетін сұлу болатын!Қолан шаш, қап-қара  ботадай көздері, әдемі иілген дене бітімі адамды тәнті қылмай қоймайды! Бірақ бағдаршымның қызыл түсі жанған соң,көліктердің бәрі алдыға қарай ұмтылған соң Volkswagenде сол сәтте жоқ болып кетті!

Арада 3 жыл өтседе Күн Айды ұмытқан жоқ! Иа ол өзін дамыту үшін барын салды! Түрлі қосымша сабақтарға қатысып білімін шындады,тіл үйренді және көптеген істер жасады! Айды ұмыта бастап өмірін жаңа парақтан бастайым ба?-дегенде тағдыр оған осындай кездесуді жазды! Әрине тағдыр ма? Жоқ жәй кездейсоқтық па? Өздерініз айта жатасыздар комментарийге! Бірақ солай болды! Бірақ күннің осы кездесуге дейін желі арқылы  1 айдай араласып жүрген адамы бар еді! Екеуінің арасы тым жақсы еді! Күнде оны ұната бастап еді! Ол өзі сондай тәртіпті, сұлу, ақылды нағыз ер жігіттің өзі болатын! Сол Аймен кездесіп қалған күні ол сол бір желі арқылы танысқан бейтаныс жігітпен бірінші рет кездесуге бара жатқан болатын! 

Екеуі Dostyk Plaza деген cауда орталығында кездесеміз деп келіскен болатын!  Екеуі сол келіскен жерде кездесіп сөйлесіп бір-бірін жақынырақ тануға тырысты! Күннің бар ойы Айда болсада,сол бір бейтаныс жігіт оған ұнады! Бейтаныс жігіткеде Күн ұнады! Бейтаныс жігіттің аты Түн болсын! Күн мен Түн арада 1 жыл кездесіп бір-бірін сүйіп қалғандай көрінді! Бірақ Күнге Түн ұнаса да жүрегі басқа бір адамды қалап тұрғандай болды! Түн Күнге мәңгілік жары болуға ұсыныс білдірді! Күн келісімін берді! Түннің ата-анасына Күн қатты ұнап! Осындай келіндері пайда болатынына қатты қуанған болатын! Түн отбасында 2 ағайынды екен! Кіші баласы ата-анасынан бөлек тұрады екен! Шет елдерде жұмыстарымен жүріп ол ата-анасына тек  тойдан кейін келетінің, тойға және де тойға дейінгі шараларға  қатыса алмайтынын ескерткен болатын! Құдалық,Беташар, Той жақсы өтіп бәрінің көңілі көтеріңкі болатын! Күн мен Түннің бақытында шек жоқ! Тойдан кейін келесі күні туыстар жиналып келіннің шайға жиналған болатын!  Сол бір сәтте есіктің ашылғанының дауысы естілді! Кіші ұлы келген болатын............ Барлығы құшақтап сағыныштарын басып! Сол сәтте Күн қайын інісіне сәлем салып жатқанда............... Сіздерге қызық болса жалғасын кейінірек саламын! Қызық болса лайк қойып комментарий жазсаңыздар! Сіздерге қызық екенің білетін боламын! Ойларыңызбен бөлісіп отырыңыздар! Осы оқиғаға қандай ойларыңыз бар? Сәттілік#