Онлайн танысуда жіберетін қателіктер(жігіттер үшін)
жеке
блог

Онлайн танысуда жіберетін қателіктер(жігіттер үшін)

Əлеуметтік желілердің адам өмірінде маңызды рөл ала бастағаны жасырын емес. Күн сайын желіге тіркеліп жатқан адамдардың саны қисапсыз. Бүгінгі таңда "вконтактеде таныстық", "агентте танысып, үйлендік", "инстаграмда лайк басқан соң таныстық" дейтіндер көбейіп келеді. Уақыт өткен сайын  жұптардың желіде танысып, табысуы жаңалық емес болып барады. Осы орайда қыздардың пікірін ескере келе, жігіттер қауымының желіде танысу кезінде жіберетін қателіктерін тізбектеген едім. Көз жүгірте шығыңыз, бəлкім осы қателіктерге сіз де жол беретін боларсыз?

1) Не жаңалық? Адам өміріндегі жаңалықтарын сұрау үшін оның өмірінен аз-кем болса да хабардар болу керек. Таныса салып жаңалық сұрау ақымақтық екенін қай тілде түсіндірсек болады? "Екі көршім үйленіп жатыр" дедім бірде сондай хабарламаға. Ал қызық па сол?
2) Анкетада анық жазылып тұрған затты сұрау, мысалы, қайдан боласың? Одан да, "анкетаңда Алматы деп жазылып тұр екен, оның қай жеріненсің?" деп сұраған дұрысырақ. Осылайша сіз оның парақшасына зерттеу жасағаныңызды, ол адамға қызығушылық танытқаныңызды көрсетесіз.
3) Əңгіме айт. Ең жек көретін сөзім(із)! Айтатын əңгімесі болмаса  қызға не мақсатпен жазады екен? Қашаннан бері қыздар жігіттерге əңгіме айтатын болған?
4) Нестеп? Каксын? Че там? деген сияқты сауатсыз сөздер. Өтініш, сауатты жаза алмасаңыздар да, жазуға тырысыңыздаршы!!! "Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,"-дейді Абай ондайларға.
5) Шектен тыс комплимент. Комплимент естіген, əрине, жақсы дегенмен, бəрі шегімен болған дұрыс қой. Əсіресе, жаңа танысқан сəтте өтірік-шыны аралас комплимент жаудырып, қызды "сындырам" деп əуре болмай-ақ қойыңыз! Бəрі өз уақытымен жəне ретімен болу қажет.
6) Salem, kalausin? Латын əріпіне əлі көшкен жоқпыз ғой, жігіттер?! Білесіз бе, латын қаріпімен жазатындар сауатсыздығын солай жасырғысы келетіндей көрінеді маған!  Əлде бұл агенттің сарқыншағы ма?
7) Айко, Айка, Айкош деген сияқты қысқартулар! Таныса салып есімін қысқартуға сізге кім рұқсат берді? Əдетте адамды ет жақындары ғана солай атайды. Сіз де солардың қатарына қосылғыңыз келсе тым болмаса рұқсат сұраңыз өзінен!
8) Не болды, жазғың кемей отыр ма? Не өзінше болып отырсың? Аааууу? Жазбасаң неге қабылдадың? Құдай-ау, қай заңда жазылыпты қыз сіздің хабарламаңызға бірден жауап жазуға міндетті деп? Не деген бітпейтін негатив бұл? Егер қызбен нəрмəлні танысып, сөйлескіңіз келсе, күтіңіз! Сыпайылық қайда? Қолы босамай жатқан шығар деп ойлауға болмай ма?
9) Танысып қояйық, Бауыржан болам! Күлкіден өлдім! Жазылып тұрған жоқ па аты баттыйып! Əлде əріп танымайды деп ойлай ма? Мүмкін экранның бер жағынан қолымды ұсынуым керек шығар Пəленшегүлмін деп? Егер есімінің шын-өтірігін тексергіңіз келсе "есіміңіз ерекше, кім қойды? Немесе "Қандай мағына береді?" деп сұрай салсаңыз жеткілікті!
10) Танысқың келмейді ме? Танысуға бола ма? Танысайықшы? Жауап, əрине, ЖОҚ! Есі дұрыс қыз танысқысы келіп өліп тұрса да онысын білдірмейді! Танысуға рұқсат сұрау арқылы өзіңізге сенімсіз екеніңізді байқатасыз!
11) Нес? Калай? Слм! Не сөз бұл? Қазақта осындай сөздер бар ма еді? Сөздерді қысқартып уақыт үнемдесеңіз де, қызды сыйламайтыныңызды көрсетесіз! Ех, жігіттер, жігіттер...
Мен нені жіберіп алдым, қыздар?) Алып қосарларыңыз болса, мархабат! Егер қыздардың желідегі қателіктерін білгіңіз келсе пікірге + белгісін қойып кетуіңізге болады.