Ұнатқаным

Ұнатқаным
жеке
блог

Ұнатқаным,

Жөн болар жылатпай жұбатқаным.

Жырақтамын,

Сен білмейтін елде(н) алыс бұлақтамын.

Түн жамылып, сыр ақтарам

Саған əсем жұлдыздардан.

Сенің айтқан əр сөзің 

Кей-кейде қуат маған.

 

Шуақтанам,

Күндей жүзіңді көре салып

Десе де ұзақ маған

Сенің елің, кеше ғана жанымнан жырақтаған.

Кезің болды ма мені келетіндей құшақтағың

Распа мені ұнатқаның, ұнатқаным.

Сенің де бар секілді менікіндей

Шешілмейтін жұмбақтарың

Ұнатқаным,

Керек пе, алып келейін гүл бақтарын

Силасам да қанша гүлшоқтарын

Сенің əсем гүлің жұмбақ маған

Ұнатқаным..