Қыз сезімі

Қыз сезімі
жеке
блог

Ұнатамын мен сізді, ұнатамын,

Ұнатудың тартамын жиі азабын. 

Сезімімді сыртқа еш шығара алмай,

Амалсыздан тек қана жыр жазамын. 

Қызғанамын мен сізді, қызғанамын,

Қалай ғана қызғанбай жүре алармын. 

Сабыр қылып өзімді тежей берем,

Көргенде сізді ұнатқан қыз жанарын. 

Сағынамын мен сізді, сағынамын,

Сезем, білем жүректің ауырарын.

Қайда жүрсе бақытты ғұмыр бер деп,

Жаратқанға сыйынып, жалынамын!