Махаббатсыз...

Махаббатсыз...
жеке
блог

Сезімімді шашып шіркін оң-солға,
Адасыппын сенсіз жүрген жолдарда.
Жалған өмір есебіне келмейтін,
Махаббатсыз баз кешетін жол бар ма?

Махаббатсыз өмір сүргім келіп жүр,
Бағынбайды бірақ оған ерік бір.
Қайран көзім сұлу көрсе жүрекке,
Дей береді махаббатты желіктір.

Сүй дейді ғой болмаса да мендік-ай,
Жан тәнімді құмарлыққа елтіп-ай.
Сұлулықтың жетегінде кетеді,
Амалсыз-ау еркек басты еркім-ай.

Сұлулықты сүймеу әлде мүмкін бе,
Сүйсінбей-ақ ырық бермей шіркінге.
Алтын көрсе жолдан таяр пендеміз,
Махаббатсыз жүре алмаспыз бір күнде.

Сондықтанда сен оралшы қайтадан,
Жүрегімді саған сеніп қайтарам.
Ажарыңнан ләззат алып жүрейін,
Жанарымды...жанарымды жайпаған.

Шыныменде махаббатсыз жол бар ма,
Өмір жалған құрақтаған жолдарда.
Осы ойдың жетегінде отырмын,
Қарайлаумен қала жаққан шамдарға...

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.