Шынайы сезімнің құны қанша?
жеке
блог

Шынайы сезімнің құны қанша?

Сезім-бұл нәзік дүние. Менің түсінігімде махаббат- тек шынайылыққа, адалдыққа бастап құрылатын, екі жастың арасындағы кіршікіз, барынша шынайы сезім. Ал қазір ше? Қазір бұл сезімнің құны қаншалықты болып қалды? Адамдар бұл құнды дүниені қалай бағалап жүр? Осы және басқа да сұрақтардың жауабы мен үшін жұмбақ секілді.

Дәл қазіргі уақытта махаббат- дүние байлығына, ақшаға, жалғандыққа, өтірікке байланған секілді. Жүректің қылын селт еткізер, тек шынай жақсы көрген қос ғашықтың сезімін одан әрі нығайтатын «Мен сені сүйемін» деген сөздің де құнын жоғалтқаны жабырқатады.

Жақыныңа деген, Отаныңа деген, туыстарыңа деген, достарыңа деген махаббат бар шығар. Бірақ.... Өмір бойы сенің жаныңда болатын, бір жастықта қартаятын жарыңды табу, оны бар ықыласыңмен жақсы көру сиреп бара жатқан секілді болады да тұрады...

Жалпы әр нәрсе орнымен болғаны жақсы ғой. «Жүйелі сөз орнын табады»  деген бар емес пе? Әр сөз орнымен айтылса, әр іс өз орынмен атқарылса, уақыты келгенде жүзеге асса- бұл планетадағы демей-ақ қояйық, өмірімізде  аз болса да бір нәрсе ретімен тұрады ғой.

Романтика? Махаббат? Кездесу? Сыйлықтар? Жо-жооқ, бұл аздық етеді, Карл! Сенім керек. Ең бірінші адамға - Сенім маңызды! Бұл да бір өте нәзік дүние. Сынса-орнына келу өте қиын. Сынған тәрелке секілді ғой. Қайта құрастырып қоя алмайтының секілді, сенімді орнына келтіру қиын.

Біреумен сөйлесесің, ол ұнамай қалды, бір кемшілігін көріп қалдың да басқа біреуді тауып алдың, сосын басқасын, одан тағы басқа. Солай кете береді де, ақыры не болды? Қалдың жайыңда. Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.

Тұрмысы төмен? Ақшасы аз? Ата-анасы нашар? Ата-ананың нашары болмайды! Сенің ұнатқан адамыңды өсіріп, саған дайындап берген сол адамдар. Сөйте тұра олар нашар бола ма? Қателеспе! «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ!» деген сөз бар. Тұрмысы да, ақшасы да құны көк тиын. Қаласаң бәріне өзің қол жеткізе аласың. Қарапайым қағидаларды ұстансаң, бақытқа бір қадам жақындайсың. Әйтпесе не? Карьера? Жұмыс? Пффф, олар сені бақытты етпейді.

Кейде күнделігімді оқып, бірде күліп, бірде жылап аламын. Не де болса, жанымдағы сенімді серігім ғой ))) Ешкімге айтпайды, тек ішінде сақтаулы тұрады.

Тек адамдар  жалғандық, шынайылық, көзбояушылық деген дүниелердің ара-жігін ажырата алса деген тілек қой. Әйтпесе бір сәттік сезімнің жетегінде кетіп, алданып, кейін адамдарға деген сенімін жоғалтып алып жатқан жандар қаншама?!....