ФИФА бүгінгі ойынның нәтижесін біледі

ФИФА бүгінгі ойынның нәтижесін біледі

Бүгін түнде Сан Паулу қаласында Әлем Чемпионаты-2014 додасының тұсауы Бразилия мен Хорватия арасындағы матчпен кесілмек. 

Дей тұра, ФИФА-ның сайтында жариялаған ақпаратқа сәйкес, кездесу аяқталып қойған екен. Тіпті, кездесудің ойын нәтижесі де жарияланып қойыпты - 2:2.

Арада біршама уақыт өткенде қателік орнына келтіріліпті. "Full time" сөзі қалғанымен, ойын нәтижесі алынып тасталған. 

Дәл қазіргі уақытта сайтта ойынның басталу уақыты ғана тұр. 

Естеріңізге сала өтсек, Бразилия мен Хорватия арасындағы кездесу Астана уақытымен сағат 02:00-де басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sportskeeda.com

Л. Лига