Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар!

Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар!
жеке
блог

Саяның жан дүниесін еріксіз тебірентіп сыртқа шығып жатқан көз жасы,терезесін тоқтаусыз ұрғылаған тамшылардай еді.Бәрі-бәрі осы күздің қоңыр салқын кешінде басталған еді.Сая концерт залына кіріп келгенде,сахнадағы әнші жігіт Саяға ерекше ықыласпен көз тастады.Концерт аяқтала,жүрегі сыр бергендей Сая сахна артына әлгі әнші жігітпен суретке түсуге барады.Екеуі қатар тұрып суретке түсерінде бір-біріне жаралған жандардай.Жымиғандары,көз-қарасы,қылықтары бірдей еді.Қыз суретке түсіп,фотографқа суретті ертең алып кететінін,ескертіп,есіктен шыға бере,қолынан біреу ұстай алды.Артына қараса әнші жігіт екен,қыздың қолындағы телефонды алып өз нөмірін жаза бастады...Әттең сол кезде телефон шырылдай жөнелді,қыз телефонды алып далаға шығып кетті.

  Жігіт қыздан қоңырау күтеді,жан жылуына айналған қыз сол күйі қоңырау шалмады.

  Қыс айыда келген еді.Жігіт досына болған жағыдайды  айтып отырады.Досы сипаттап беруін сұрайды.Жігіт көз алдына қыздың жарқын бейнесін елестетіп,сипаттап береді.Досы сенің сипатыңа сай мені ағасы ретінде көріп араласып жүрген қыз бар дейді.Жігіт тез арада телефон нөмірін сұрайды.

  Түңгі сағат 23:00 екеніне қарамастан жігіт жан жылуына айналған аруға хабарласады.Ұзақ қоңыраудан кейін,қыз телефонды көтереді...Сол концертте жазылған нөмірді жігіт сақтап үлгермеген,ал қыз көрмеген екен.

 Жаңа жылға екі күн қалғанда жігіт тағы қыз тұратын қалаға концерт береді,қызды өз концертіне шақырып,концерттен кейін екеуі түңгі қаланы тамашалайды.Қармен ойнайды,сырғанайды,екеуінен асқан бақытты жан жоқ еді.,көргендер қызыға да,қызғана да қарап өтіп жатыр.Осылай бақытты күндер,айлар өтіп жатты...

  Күз айы жігіт қыздың анасымен танысады.Бірақ қыздың анасы бұл жігітпен қосылуына қарсы болады.Қыз қанша көз жасын көл етседе,анасы өз келісімін бермейді.Сол күздің қоңыр салқын күнінен бері Саяның көзінде үлкен мұң мен жас тұрады,енді сүйгеніне тек шын жүректен бақыт тілеуден басқа,қолынан еш нәрсе келер емес.