Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Әлем жарығын арқалаған жүрек

Әлем жарығын арқалаған жүрек

Әлем жарығын арқалаған жүрек

Өткен жылдан кейін осы жаздың ортасында менің әлеміме жарық түсті. 2015-тің 5 қыркүйегінен басталған түнек бір-ақ күнде жарқырап кетті. Әлемімнің жарығын арқалап жүргенін оның өзі де білмейтін болар. Бірақ, оған үнемі «жарығым» деймін, әр сөздің қасиетін өлшей алатын оның іштей сезері анық... Бұл жарық – оның жүрегінде...

«Көкең келгенде, сурет сал, біз күтеміз» деген құрбыларым мен таныстарымның, тіпті бейтаныс адамдардың сөздерін ол келгенде ұмытып кеткенмін... Сезімімді қызғанып көрсеткім келмеді ме екен, әлде жұмақ сезімнің жұмбақ қалғанын қаладым ба екен, білмедім, әйтеуір, жарық түскелі, ештеңені елемейтін де болыппын. Өзінен басқаны көрсетпей тастайтын қасиеті бар өзінің... Оның жанарынан басқаны көргізбейтін, «Жапырақ» дегенінен өзгені естіртпейтін қасиеті...

Оның кей қылығы Ақ Папамның қылықтарына ұқсайды. Көзқарасы, туралығы, мейірімділігі, еркелеткені және көзінің түсі. Ақ жүректілерім менің...

Оның қуанышы, жетістігі мына лүпілдеген жүрек үшін – той. Бұл тойдың қонақтары – риясыз күлкілер мен ағынан жарылған тілектер.

Оның азаматтық тұлғасы көпшіліктен көріне бермейді. Мен үшін ол дара ғой, әрине...

Оның Отанға деген махаббаты өлшеусіз. Ел баласына жаны ашып тұратындығы, «Әр қазақ – менің жалғызым» деп жүретіндігіне тәнтімін.

Міне, Жапырақ қыздың ертегілер әлемінде жүргеніне 83 күннің жүзі болыпты. Тәңір көп көрмесін... Әр күні, әр сағаты, әр минуты, әр секунды, әр еркелігі, әр мұңы, әр күлкісі, әр қозғалысы бақыттан туып жатыр. Себебі, оның (бақыттың) авторы – жанында. Сиқыршысы оны көбелек ұшып, бұлбұл сайрап, дельфин жүзіп, қоян жарысып, тиін жасырынып, атауын білмейтін гүлдер жайқалып, Рекс есімді динозавр өмір сүретін, пырақты аттар ұшып жүретін, зұлымдық атаулыдан ада көкте қыдыртып жүр...

Өмірге өзгеше терезеден қарағысы келетін Жапыраққа ғажайып «пейзаж» сыйлап жүрген суретші, шабытыңыз сарқылмасын...

Бізді ғажайыптар күтіп тұр...

Р.S. Күндердің бір күнінде бір мультфильм түсіремін...

1
Рейтинг: +10

Фото:
Менің қиялыма ұқсас сурет
Жазылған уақыты: 21 қыркүйек 2016, 18:55
Тегтер: Жапырақ

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->