Төлеген туған жерінде

Төлеген туған жерінде
жеке
блог

Қалың көпшілікке Төлеген рөлімен таныс Құман Тастанбеков зайыбы Меруерт Өтекешовамен бірге туған жерге сәлем бере келді. Жерлестері сүйікті әртістерін ыстық ықылас және шоқ-шоқ гүлдерімен қарсы алды. Әсерлі әңгіме мен әуезді ән екі жақтың да көңілін көтерді. 

Жұртшылықпен кездесу барысында олар кеңінен ашылды. Халық әртістерінің бағын ашқан "Қыз Жібек" жайлы да сөз қозғалды. Осы тұста Меруерт Қаратайқызы Жібек рөліне бекітілгенімен , мүлдем атқа отыра алмағандығын атап өтті. Фильм режиссері Сұлтан Қожықов Жібекті сомдаушы және тағы бес-алты қызды ипподромға атқа отырып үйренуге жіберіпті. Бірақ, бұдан да пайда болмаған соң, ол кісі жалғыз өзі сондағы бір адаммен дайындалған екен. "Сол бір нәтижелі дайындықтан соң әлі күнге дейін атқа отыруды ұмытпадым" ,- дейді Төлегеннің ғашығы. 

Кішігірім ауыл сахнасы Құман Нұрмағанұлы үшін өте ыстық. Өйткені, ол үшін үлкен өнерге даңғыл жол осы бір мәдениет ошағынан басталған. Еліне еркелеген Төлеген жігіт халқына ән арнады. Жерлесін тек фильмдер мен театр сахнасынан көріп көздері үйренеген ауыл жұршылығы, актердің бұл өнеріне таңдай қағып,  қошемет көрсетті.

 Махаббаттың мәңгілік символына айналған Жібек пен Төлеген өздерінің мөлдір махаббаттарымен, адами қасиеттерімен көпке үлгі. Кино жұлдыздары  қандай да болсын сый-құрметке әбден лайық. Өйткені, өнерде де өмірде де жұптары жазылмаған олар - халықтың жүрек түкпірінің тереңінен орын алған нағыз дара тұлғалар!

P.S. Алдағы уақытта міндетті түрде фотолар мен видео жүктелінетін болады.